Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2291 0 пікір 10 Қыркүйек, 2012 сағат 14:08

«Ақ жол» Ақаңның жоқтаушысы бола алмады

5 қыркүйек - Ұлы ағартушы ғалым әрi өз заманының озық ойлы саясаткерi Ахмет Байтұрсынұлының туған күнi. Жалпы, биыл Ақаңның жай ғана туған күнi емес, оның бақандай 140 жылдығы. Солай бола тұра аталған мерейтой Алаш ардақтысының атқарған қызметiне сай аталып өтiлмедi. Бұған Мәдениет және ақпарат министрлiгiнен бастап қатардағы әрбiр азамат борышты едi. Өкiнiшке қарай, қазiргi кезде бұдан басқа да әртүрлi айтулы даталар билiк тарапынан қолдау таппай жүр.
Таяуда "Нұр Отан" партиясының хатшысы Ерлан Қарин астаналық бiр топ журналистi қабылдап, алдағы жоспарларымен бөлiстi. Аталған басқосуда партия хатшысы биыл "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясы мен "Алашорда" мемлекетiнiң 95, ал Жаһанша Досмұхамедұлының 125 жылдығы екенiн ескерттi. Сондай-ақ басқосуда Ахмет Байтұрсынұлының туғанына - 140, ал ағартушы жасаған әлiпбиге - 100 жыл толғандығы туралы айтылды. Өз сөзiнде Ерлан Тынымбайұлы "Нұр Отан" партиясы атынан Ж.Досмұхамедұлының 125 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастыратындарын айтты. Орал қаласында өткелi отырған халықаралық конференцияға Алаш арысының аруағын сыйлап отандық және шетелдiк ғалымдар келмекшi.

Соңғы жылдары 1917 жылы құрылған "Алаш" партиясы мен Алашорда мемлекетiнiң мерейлi мерекесiн атап өту дәстүрге айналып келедi. Мәселен, бiр топ қазақ жастары 2009 жылдан берi Алашорданың 92, 93 жылдығын Астана көлемiнде шама-шарқы жеткенше атап өтiп жүр. Ал өткен жылдың 6-13 желтоқсан аралығында Астанада "Алаш" апталығы аясында түрлi iс-шаралар ұйымдастырылды. Өз сөзiнде Ерлан Тынымбайұлы "Қазақ" газетiнiң 100 жылдығын ескерусiз қалдыру елдiгiмiзге сын екенiн айтты. "Сондықтан да алдағы уақытта "Қазақ" газетiнiң мерейтойына байланысты Қазақ журналистерiнiң форумын өткiзу керек" дедi партия хатшысы. Жөн екен. Әйтсе де Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдық мерейтойын кiм өткiзедi? Менiңше, бұл ауқымды iс-шараны өздерiн "Алаш" партиясының рухани iзбасары деп атаған "ақжолдықтар" атқаруы тиiс болатын.
Өкiнiшке қарай, аталған партияның Астанадағы филиалы алаш ардақтысының 140 жылдығын атап өткен жоқ. "Ахмет Байтұрсынұлының ескерткiшiне түстен кейiн сағат екiде гүл шоғын қоюға барамыз", - дедi "Ақ жол" партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Дәурен Мақсұтханұлы. Сондай-ақ ол қазан айында Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдығына арналған халықаралық конференция өткiзетiнiн айтты. "Партия басшылығы Әлихан Бөкейханның өткен жылғы 145 жылдығын ескерусiз қалдырды. Ал 5 наурыздағы Әлекеңнiң туған күнiн "Ақ жол" партиясы неге атап өтпедi? Мәселен, елiмiздегi коммунистер Лениннiң туған күнiне орай оның ескерткшiне гүл шоғын қояды. Байқауымызша, Әлихан Бөкейхан партия тарапынан елеп ескерiлмей отырған сияқты...", - деген сауалымызға Дәурен Мақсұтханұлы: "Естуiм бойынша Әлихан Бөкейханның ескерткiшi Астанада күзде ашылуы керек болатын. Бұған бiрден-бiр себепкер болып отырған "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев. Егер аталған ескерткiш ашылып жатса, сiздiң сөзiңiздiң бекер екенi белгiлi болар едi", - деп жауап бердi. Ләйiм солай болсын. Әйтсе де Дәурен Мақсұтханұлының "естуiм бойынша" деген екiұшты сөзiне қарап ескерткiштiң биыл ашылмасын сезгендеймiз. Өйткенi күзде ашылуы тиiс ескерткiштiң нобайы қандай болатыны және оны кiм жасайтыны әлi күнге дейiн нақтыланбаған.
Күнi кеше Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясының солистi, Халықаралық конкурстардың дипломаты Жанар Сүлейманова ғалымның төл туған күнiне орай арнайы концерт бердi. Бiлдей бiр партияның өзi жасай алмаған шаруаны Жанар ханым бiр өзi атқарды. Сол үшiнде Жанар Мұхамет-Халелқызына Алла разы болсын айтамыз.
Серiк ЖОЛДАСБАЙ,
Астана

"Жас Алаш" газеті

0 пікір