Жұма, 26 Сәуір 2024
3167 1 пікір 11 Қаңтар, 2022 сағат 12:04

Алматыда судья Мұрат Абраев қайтыс болды

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Мұрат Абраев қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

"Алматы қалалық сотының басшылығы, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абраев Мұрат Советұлының қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болуына байланысты, отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген Алматы қалалық сотының Facebook-парақшасында.

Abai.kz

1 пікір