Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3150 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 06:36

Эфирде жаңа арна – «Білім»

«Бүгін Қазақстанда «Білім» атты алғашқы білім беру арнасы іске қосылады» деп хабарлайды «Хабар» агенттігі» Акционерлік Қоғамының

media@khabar.kz сайты.

«Білім» арнасы Астанадағы Назарбаев университетінде Қазақстан Республикасының Президентімен өтетін интерактивті дәріс барысында тұсауын кесті. Интерактивті дәріс тікелей эфирде «Хабар» мен «Еларна» арқылы көрсетілуде.

Бастапқыда «Білім» арнасының бағдарламалары "Otau TV" спутниктік жүйе және сандық эфирлік теледидар арқылы хабар таратылып, кейінірек арнаны қазақстандық кабельдік операторлар арқылы тамашалауға болады.

«Білім» арнасы үш тілде, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратпақ. Телеарнанының контенті қалың бұқараға арналған.

«Білім» арнасында қазақстандық және әлемдік деңгейдегі ғалымдардың бірегей дәрістері, ғылыми-танымдық бағдарламалар, тағылымдық деректі сериалдар, жоғары, орта және мектепке дейінгі білім беру туралы хабарлар көрсетіледі. «Білім» арнасы «Хабар» агенттігінің құрамына енеді.

«Білім» арнасынының директоры  Ғазиза Жаппарова -  «Шахар» ТРК-нің Вице-президенті болған. 2006 жылы ол «Директорлар Кеңесі» атты қазақстандық кәсіпкерлерге арналған танымал жаңа жобаның жүзеге асуына ат салысқан. Сонымен қатар, «Жетінші арнаның» коммерциялық директоры болып еңбек етті. 2007 жылдың ақпанынан Жаппарова «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының мүшесі-Коммерциялық директоры қызметіне тағайындалды. 2011 жылы «Хабар» агенттігі» АҚ-ның кинокөрсету және студия бөлімінің басшысы қызметіне шақырылған. Ендігі кезекте ол білім беру телеарнасының тізгінін ұстамақ.

«Біздер үшін басты ереже - материалдарды көрерменге түсінікті етіп жеткізу, бағдарламаларды жасау барысында жаңа білімді, ақпаратты және технологияларды қолдану. Мәселен, анимэ-эффектілерін пайдаланбақпыз, әсіресе, кішкентай көрермендеріміз үшін инфографика мен басқа да графикалық бейнеэффектілер әсерлі болады деп сенеміз. Біздер қазақстандықтардың білім алуы үшін жаңа бағыт ұсынғымыз келеді. Бұл ретте, өз көрермендерімізбен бірге жаңа бастамаларға қол жеткізіп, тың дүниелер ашуға дайынбыз» - дейді «Білім» арнасының директоры Ғазиза Жаппарова.

«Абай-ақпарат»

0 пікір