Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3363 0 пікір 29 Желтоқсан, 2021 сағат 15:44

АҚШ Бейжің олимпиадасына өз өкілдерін жібермек

Америка Құрама Штаттары Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 18 шенеунікке виза алуға өтініш бергенін растады.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, АҚШ америкалық спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін консулдық және дипломатиялық қызмет көрсету мақсатында Қытайға шенеуніктерін жібермек. Департамент бұл қадам Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ресми немесе дипломатиялық өкілдігі болып табылмайтынын атап өтті.

«Біз өзіміздің спортшыларымыздың, жаттықтырушыларымыздың, нұсқаушыларымыздың және персоналымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, консулдық және дипломатиялық қызметтерін ұсынуға ниеттіміз», - деді баспасөз хатшысы.

Дереккөздер АҚШ қызметкерлерінің көпшілігі мемлекеттік департаменттің орта және төменгі деңгейдегі шенеуніктері екенін және олардан кейін тағы 40 адамға өтініш беруі мүмкін екенін айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669