Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 3935 11 пікір 29 Желтоқсан, 2021 сағат 15:02

АЭС әлегі: Курчатов па, Балқаш па?

Президент Тоқаевтың Шығыс экономикалық форумында айтқан сөзінен кейін, елімізде АЭС салыну мәселесі қызу талқыланып жатыр. Көпшілік Балқаш маңында салынады дегенді меңзеуде. Алайда жаңа нұсқалар да жоқ емес. 

АЭС салынуы мүмкін тағы бір аймақ белгілі болды. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев АЭС салынатын Алматыдағы Үлкен ауылынан бөлек, Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласын да станция салынуы мүмкін аумақ ретінде атады.

«Бұл мәселе 2013 жылдан бері, яғни сегіз жылдан бері талқыланып келеді. Осы уақыт ішінде әртүрлі жер телімдері сейсмикалық, инфрақұрылымдық, тұтыну деңгейіне қарай зерттелді. Қазір қысқа тізімде екі орын бар. Бірі Үлкен ауылы (Алматы облысы), екіншісі – Курчатов қаласы (Шығыс Қазақстан облысы). Сейсмикалық жағынан олар қолайлы. Инфрақұрылымның қолжетімділігі жағынан Үлкеннің әлеуеті басымырақ, себебі «Солтүстік – Оңтүстік» 500 киловольттық электр беру желісі бар. Сонымен қатар, Үлкен ауылы біздің негізгі тұтынушыларымыз – оңтүстік өңірге жақын. Бірақ учаскені таңдау бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Бұл жұмыс басталып та кетті, «Самұрық-Қазына» қорында жобалық топ құрылды, ол барлық тиісті зерттеулерді жүргізуі керек», - деді министр.

Ол энергетика министрі болып қызметке келгеннен кейін алғашқылардың бірі болып АЭС салу мәселесін көтергенін айтты.

«Биыл біз белгілі бір тапшылыққа куә болдық, электр энергиясын импорттауға мәжбүр болдық, Ресейден жоспарланбаған ағындар болды. Осыған сәйкес біз қазір 2035 жылға дейін электр энергиясының, тұтынудың және өндірудің теңгерімін жасадық. Халықты және экономикамызды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр станциясын салу керек екенін көріп отырмыз», - деді ол.

Алайда, министр апатты жағдай болмауына ешкімнің кепіл бола алмайтынын жеткізді. АЭС қауіпсіздігіне жауапкершілікті инвестор не болмаса салу технологиясын ұсынып отырған компания мойнына алатынын айтқан.

Мырзағалиев энергетика министрі ретінде станция салу керектігін айтып, «Алдымызда таңдау тұр: біз не жарықсыз қараңғыда отырамыз не болмаса қандай да бір шешімге келеміз. Бізде басқа таңдау жоқ. Осыны түсінуіміз керек» деді. Министрдің айтуынша АЭС құрылысы 10 жылға созылады.

Айжан Темірхан

Abai.kz

 

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2438
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1668