Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
46 - сөз 4486 1 пікір 27 Желтоқсан, 2021 сағат 16:16

Ультиматумның соңы не болмақ?

Мәскеу Вашингтонға НАТО-ның ықпал ету аймағын кеңейтуге қарсы талап қойды.

Өткен аптада НАТО-ның Еуропа мен Азия істері жөніндегі өкілі Ресейден кепілдік сұрап, тамырын басып кеткен болатын. АҚШ шын мәнінде Ресейдің тамырын басып көрді ме?

Бүгін Ресей тарапы АҚШ-қа НАТО-ның ықпал ету аймағын Шығыс Еуропа территориясында жалғастыруға қарсы талап қойды.
АҚШ Ресейдің Шығыс Еуропа территориясындағы ықпал ету аймағындағы әрекеттерін тоқтатпаймыз деп жауап берді. НАТО-ның өзге елдері АҚШ-тың ұстанымын қолдап, Ресейге қарсы ультиматум бұдан әрі күшіне енетінін ашып айтты.

Алдағы 2022 жылы Ресей НАТО елдерімен жаңа форматта диалог өткізетінін жоспарлапты. Онда Ресей-НАТО, Ресей-АҚШ, Ресей-ОБСЕ елдері арасында Украина ісі бойынша диалог жалғаспақ екен. Өтетін бұл диалогты Ресей тарапы ұсынып отыр. Ресейге қарсы ультиматум бұдан әрі күшіне енетінін ескерсек, бұл диалогты Ресей ұсынып отырғандықтан, диалог өтпей қалуы да мүмкін.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба осы диалогқа Украина да қатысуы керек, Еуроатлантика қауіпсіздік кеңесі бұл диалог Украина ісі бойынша өтетіндіктен, Украинаны да қатыстыру міндетті деп санайды.
Бір жайт анық. Украинаның тағдырын державалар сыртынан шешіп жатыр.

Бекболат Қаржан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2450
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672