Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3011 2 пікір 27 Желтоқсан, 2021 сағат 14:26

Өзбекстан мыс саудасынан $2,5 миллиард тапты

2021 жылы Өзбекстан 148,5 мың тонна мыс өндіріп, оны сатаудан 2,5 миллиард доллар табыс тапты. Бұл туралы Алмалық тау-кен комбинаты хабарлады.

Компания таратқан мәліметке қарағанда, зауыт 2029 жылға таман мыс өндірісін 400 мың тоннаға дейін жеткізуді көздейді. Сол кезде табыс 7-8 миллиард доллар болады.

Кәсіпорындағылардың мәлімдеуінше, 2030 жылға қарай әйлемде мысқа сұраныс 40 пайызға артады. Ёшлик-1 кенінде мыстан бөлек 50 тонна алтын және 270 тонна күміс өндіріледі деп жоспарланған.

Есепке қарағанда, Өзбекстан мыстың 60-70 пайызын шикізат түрінде шетелге сатып отыр.

Биыл 29 шілдеде президент Шавкат Мирзияев Алмалық тау-кен комбинатында үшінші байыту фабрикасының іргетасын қалады.

2024 жылы іске қосылатын өндіріс кешенінде 6 мың адам жұмыс істейді. Жобаның жалпы құны - 4,894 миллиард доллар. Мыс байыту фабрикасы бір жылда 60 миллион тонна мыс-молибден кенін өңдейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669