Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4846 0 пікір 29 Тамыз, 2012 сағат 06:54

«Жаңа әуен» шығарған жанжал

Арғы бетте, атақонысында отырған ауданды жұрт бар. Қызыл сызық ғана бөліп отырған бауырларымыз интернет арқылы Отандарында болып жатқан барша жаңалықты естіп, біліп, оқып бізбен бірге күйініп, бірге қуанып отырады. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған қазақ әліпбиін қолданатын қандастарымыз төте жазуда түрлі бағыттағы көптеген сайттар ашып, ел қызметіне жаратып отыр.

Арғы бетте, атақонысында отырған ауданды жұрт бар. Қызыл сызық ғана бөліп отырған бауырларымыз интернет арқылы Отандарында болып жатқан барша жаңалықты естіп, біліп, оқып бізбен бірге күйініп, бірге қуанып отырады. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған қазақ әліпбиін қолданатын қандастарымыз төте жазуда түрлі бағыттағы көптеген сайттар ашып, ел қызметіне жаратып отыр.

Ол сайттардан жұрт жаңалықтарды ғана оқып қоймай, ән-күйде тыңдайды. Міне, сол сайттардағы әндерді «Жаңа әуен» дейтін серіктестік меншіктеп алып, қазақ әнін қазақ тыңдарманына жеткізіп отырған сайттарға: «Серіктестігіміз кезекте өз иелігіндегі келісім-шарт жасасқан 100-ден артық Шинжаңдағы және Қазақстандағы әнші-өнерпаздардың басқа торап бекеттерінде рұқсатсыз тарқалып жүрген ән-музыкаларын, кескіндерін қайтарып алуды мақсат етіп отыр. Серіктестігіміз сол өнерпаздармен келісім-шарт жасасып және оларға тиісті қаламақыларын болмаса қатысты шығымдарын төлеп отыр. Бірақ, бұл ән-музыка, кескіндерді басқа торап бекеттері тегін пайдаланып, серіктестігіміздің мүддесіне зиян келтіріп отырғаны анық. Сондықтан, серіктестігімізбен селбесіп отырған төмендегі әншілердің ән-музыка, кескіндерін 2012 жылы 7-айдың 1- күнінен бұрын торап бекетінен өшіруіңізді ұқтырамыз», деп жер астынан жік шығарып отыр екен. Төменде төте жазудан аударылған «Жаңа әуен» ЖШС-нің сайт иелеріне жолдаған хатын беріп отырмыз. Алдағы уақытта хат тізімінде көрсетілген Қазақстандағы әншілерге хабарласып, олардың «Жаңа әуен» ЖШС-мен келісім-шарт жасаған я жасамағаны туралы  ақпарды қосымша беретін боламыз.

«Абай-ақпарат»

 

Әрқайсы қазақша торап бекеттері жауаптыларына!

Торап техникасының дамуына ілесе, қазақша торап бекеттерінің саны да күн сайын артып келеді. Торап бекеттеріне жауаптылар өзінің торап бекетіне ешкімнің рұқсатынсыз, өзі қалаған ән-музыкаларын, кескіндерді өз білгенінше жалғап пайдалануда. Серіктестігіміз кезекте өз иелігіндегі келісім-шарт жасасқан 100-ден артық Шинжаңдағы және Қазақстандағы әнші-өнерпаздардың басқа торап бекеттерінде рұқсатсыз тарқалып жүрген ән-музыкаларын, кескіндерін қайтарып алуды мақсат етіп отыр. Серіктестігіміз сол өнерпаздармен келісім-шарт жасасып және оларға тиісті қаламақыларын болмаса қатысты шығымдарын төлеп отыр. Бірақ, бұл ән-музыка, кескіндерді басқа торап бекеттері тегін пайдаланып, серіктестігіміздің мүддесіне зиян келтіріп отырғаны анық. Сондықтан, серіктестігімізбен селбесіп отырған төмендегі әншілердің ән-музыка, кескіндерін 2012 жылы 7-айдың 1- күнінен бұрын торап бекетінен өшіруіңізді ұқтырамыз. Егерде осы ұқтыру жарияланған күннен бастап, «информатцияны торапта тарату ұқығын қорғау белгілемесінің» қатысты тармақтары бойынша серіктестігіміздің иелігіндегі ән-музыка, кескіндерді жалғасты пайдаланушы торап бекеттері жауаптыларының заңдық жауапкершілігін қузастырамыз.

Үрімжі, «Жаңа әуен» концерттік серіктестігі

2012 жыл 6-айдың 22 күні

Қосымша:

1. «Мұзарт» тобы. Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов орындаған ән-музыкалар және кескіндер.

2. Қайрат Нұртасов, Сырым Исабаев, Бақыт Алтаев орындаған ән-музыкалар және кескіндер.

3. «Шаншар» тобы сахнаға алып шыққан күлдіргі-комедиялар және әндер.

4. «Алдраспан» тобы сахнаға алып шыққан күлдіргі-комедиялар және әндер.

5. Дәлелхан Әділбекұлы  орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

6. Айнұр Қалайқызы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

7. Дәурен Нұрқожаұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

8. Қажымұрат Шешенқұлұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

9. Ахметжан Рабжанұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

10. Амангүл Ғабиденқызы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

11. Гүлмира Сәрсенбайқызы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

12. Еркінгүл Айдолқызы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

13. Орал Қоңқышұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

14. «Жаңа әуен» тобы орындаған ән-музыкалар және кескіндері

15. «Әуен» тобы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

16. «Дос» тобы, Жанат Нұрсұлтанұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

17. «Жасын тобы», Сәмет Әбдікерімұлы, Қуат Райымбекұлы, Қайрат Мырзағалиұлы, Базар Мұратұлы, орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

18. «Гәкку» тобы, Санат Тұрсынбақытұлы, Бақыткелді Мұқашұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

19. Әрлен Әнуарұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

20. Жаңыл Сайлауқызы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

21. Әбутәліп Дүйсенбекұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

22. Нұрдәулет Ыбырайқанұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

23. Зура Шаймұратқызы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

24. Ержанат Байқабайұлы орындаған ән-музыкалар және кескіндері.

0 пікір