Сенбі, 18 Мамыр 2024
Билік 2466 0 пікір 21 Желтоқсан, 2021 сағат 13:10

Н.Нығматулин мен Румыния Парламенті Сенатының вице-спикері ынтымақтастық бағыттарын талқылады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Румыния Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Алина- Штефания Горгиу бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Нұрлан Нығматулин Румыния Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі екенін және маңызды саяси, экономикалық серіктес ел екенін атап өтті.

Палата Спикерінің айтуынша, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастарының қалыптасуы мен дамуындағы шешуші рөлді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарып, бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Румыниямен әріптестікті кеңейтуге үлкен мән береді.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы Алина Горгиудың елімізге сапары парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға және мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін айтты.

Өз кезегінде, Румыния Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қазақстан – Румыния үшін маңызды серіктес ел екенін және парламентаралық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, экология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларына қатысты басым бағыттарға назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Румыния парламентшілерінің бірлескен жұмысын жандандыру заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара тығыз қарым-қатынасқа ықпал ететініне сенім білдірді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2136
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2545
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2306
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1649