Сенбі, 18 Мамыр 2024
Билік 2173 0 пікір 20 Желтоқсан, 2021 сағат 15:19

Нығматулин Мәжілісте Парламентаралық Одақтың төрағасымен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламентаралық Одақтың төрағасы Дуарте Пашекумен кездесіп, ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, қазақстандық Парламент өкілдерінің Парламентаралық одаққа мүше мемлекеттердің әріптестерімен өзара іс-қимылы парламентаризм, заң шығару және демократияландыру мәселелері бойынша сындарлы диалогты дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде болып жатқан саяси жүйені реформалау, экономиканы жаңғырту, азаматтық қоғамды дамыту мәселелері туралы айтты.

Палата Төрағасы мәртебелі мейманның Қазақстанға сапары парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға және Қазақстан Парламенті мен Парламентаралық Одақ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін беретініне мән берді.

Өз кезегінде, Д.Пашеку Парламентаралық Одақтың Қазақстан Парламентімен ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетініне сенім білдіріп, Қазақстан Еуразия құрлығындағы мемлекет  ретінде, Парламентаралық Одақтың мүшесі ретінде өте маңызды серіктес ел екеніне назар аударды.

Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин қазіргі таңда Парламентте Уәкіл институтын дамыту арқылы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқықтарын қорғау, өлім жазасы, балаларды қорғау, волонтерлік қызмет және т.б салалардағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2312
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651