Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2176 3 пікір 14 Желтоқсан, 2021 сағат 16:44

Цой: елдегі эпидахуал тұрақты...

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты және оптимистік сценарий бойынша келе жатыр. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Жалпы алғанда Covid-19 ахуалы оптимистік сценарий бойынша келе жатыр" деді Алексей Цой 14 желтоқсан күнгі үкімет отырысы кезінде.

Оның айтуынша, кейінгі екі аптада ауру көрсеткіші 31 пайызға азайған. Стационар мен амбулаторлық жағдайда ем алғандар 1,7 пайызға сиреген. Қазір инфекциялық орындардың – 23 пайызы, реанимациялық орындардың 20 пайызы бос емес.

Дегенмен сейсенбілік үкімет отырысында маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау ережесі әлі маңызды екені айтылды. Вакцина және ревакцинацияны жеделдету қажеттігі сөз болды.

Соңғы ақпаратқа қарағанда, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар 8,3 млн адамға жеткен. 150,6 мың жасөспірімге және аяғы ауыр немесе бала емізіп жүрген 38 мың әйелге Pfizer вакцинасы салынған.

2020 жылдың наурызынан бері елде 980 372 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. 12,8 мыңы қайтыс болған. 83 мың адам "ковидтектес пневмониямен" ауырған. 5,1 мыңы қайтыс болған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1958
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2263
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1857
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550