Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3299 0 пікір 14 Желтоқсан, 2021 сағат 14:08

Қызылорда өңірінде мал қырылып жатыр

Қызылорда өңіріндегі ірі-қараның жаппай қырылу себебі әлі белгісіз. Дегенмен мамандар бұл жұқпалы ауру емес деп болжайды.

Қала іргесіндегі Талдыарал ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Төрт түліктің арам қатуына малға екпенің кеш салынуы және дәрігердің жауапсыздығы себеп болуы мүмкін деген болжамдар бар.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мал ветеринарлары екпені уақытылы салмайтын көрінеді. Ауырған түлікке ем-шара жасамайды. Соның салдарынан жұрт "қалған малымыздан да айрылып қаламыз ба" деп алаңдайды.

Мамандар ауылдағы төрт түлікке екпе уақытылы салынды дейді. Ал қырылған мал дерекқор базасына енбегендіктен осындай жағдай болғанын айтады. Тізімге енбеген ірі-қараға екпе егілмейтін көрінеді. Сондықтан маман ауыл тұрғындарына малын өз атына тіркеу үшін өтінім қалдыруға кеңес береді. Сонда ғана мемлекеттен бөлінетін екпеге ілініп, жоспар бойынша уақытында бақылауға алынатынын айтты. Ал ірі-қараның жаппай қырылу себебі әлі белгісіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2249
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1850
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1547