Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3193 3 пікір 14 Желтоқсан, 2021 сағат 13:53

Қазақстанда жаңа партия пайда болуы мүмкін

«Утильсборға жол жоқ» қозғалысының мүшелері саяси партия құруы мүмкін. Бұл туралы саясаттанушы Санжар Боқаев айтты. 

«Бізде жүздеген мың адам бар. Екі апта ішінде петицияға 150 мың адам қол қойды. Біз тоқтамаймыз. 2022 жылы бұл бағыттағы жұмысымызды күшейтеміз. Қажет болады – саяси партия құрамыз. Біз ультиматум қойып жатырмыз. Үкіметке бір ай уақыт береміз. Ал егер үкімет бір айдың ішінде бұл саясатты өзгертпесе, референдум жариялаймыз. Халықтың бізді қолдайтынына сенімдімін», - деді Боқаев сейсенбі күні баспасөз жиынында.

Сонымен қатар, қозғалыс мүшелері «Утильсборға жол жоқ» қоғамдық бірлестігін құру, митингілер мен шерулер түрінде бейбіт жиналыстар өткізуді жоспарлап отыр.

«Утильсбор көліктердің, ауылшаруашылық техникаларының және кабельдердің қымбаттауына себеп болды. Соның салдарынан тауарлардың, азық-түліктің, құрылыс құнының, көлік шығындарының, коммуналдық қызметтердің тарифтері және т.б. қымбаттауда. Автокөлік паркі ескі көліктерге толып қалды, экология нашарлауда және болашақта қалдықтарды жинау жүйесі тудыратын жағымсыз салдарлар тек қана өседі», - дейді қозғалыс мүшелері.

Боқаев қалдықтарды жинау сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соқтыратынын және автокөлік сатып алуды Қазақстан азаматтары үшін қолжетімсіз ететінін атап өтті.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2246
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1847
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1547