Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3518 0 пікір 16 Тамыз, 2012 сағат 12:39

Асылнұр Орынбек. Тандыр нан тамсандырады

Ас атасы - нанды пайдаланбайтын адам жоқ. Ауыл адамдарын айтпағанда, қала халқының басым бөлiгiнiң негiзгi қорегi - нан немесе ұннан жасалған тағамдар. Соған орай оны жабатын, түрлi қалыпқа түсiрiп сататындар да дүмеп жүр. Дайын нанның неше түрiн кездестiресiз. Кейде қорек үшiн емес, дастарханды әрлеу үшiн әзiрлейтiндей көрiнетiндерi де бар. Қалай десеңiз де оңтүстiк, оның iшiнде Шымкент - нан қала. Көше кезiп арбасына нан тиеген сатушыларды iздеудiң де қажетi жоқ. Қаладағы кез келген аялдама, көпшiлiк жүретiн сауда нүктелерiнiң iшi тұрғай, айналасы неше түрлi нанға толы. Қарап отырсаңыз, қала халқының негiзгi «жұмыс» - наубайханашы секiлдi көрiнедi.

Ол аз десеңiз, сiз еңбек ететiн мекемеге немесе жұмыс орныңызға себетiн көтерiп, күнiне қаншасы келедi. Кешкiсiн аялдамада тұрсаңыз қандай әдiспен қашан дайындап үлгiргенi белгiсiз, әйтеуiр жеуге «жарайтындарын» аузыңызға тығып жiбере жаздайды.

Рас, бүгiнде тойдан кенде емеспiз. Қалада да - той, ауылда да той көп. Той болғасын иесi нанды жүздеп емес-ау, мыңдап, қаптап алады. Әрi неше түрлiсiн.

Қариямыз қисайып қалса да iздейтiнiмiз - қасиеттi нан!

Ас атасы - нанды пайдаланбайтын адам жоқ. Ауыл адамдарын айтпағанда, қала халқының басым бөлiгiнiң негiзгi қорегi - нан немесе ұннан жасалған тағамдар. Соған орай оны жабатын, түрлi қалыпқа түсiрiп сататындар да дүмеп жүр. Дайын нанның неше түрiн кездестiресiз. Кейде қорек үшiн емес, дастарханды әрлеу үшiн әзiрлейтiндей көрiнетiндерi де бар. Қалай десеңiз де оңтүстiк, оның iшiнде Шымкент - нан қала. Көше кезiп арбасына нан тиеген сатушыларды iздеудiң де қажетi жоқ. Қаладағы кез келген аялдама, көпшiлiк жүретiн сауда нүктелерiнiң iшi тұрғай, айналасы неше түрлi нанға толы. Қарап отырсаңыз, қала халқының негiзгi «жұмыс» - наубайханашы секiлдi көрiнедi.

Ол аз десеңiз, сiз еңбек ететiн мекемеге немесе жұмыс орныңызға себетiн көтерiп, күнiне қаншасы келедi. Кешкiсiн аялдамада тұрсаңыз қандай әдiспен қашан дайындап үлгiргенi белгiсiз, әйтеуiр жеуге «жарайтындарын» аузыңызға тығып жiбере жаздайды.

Рас, бүгiнде тойдан кенде емеспiз. Қалада да - той, ауылда да той көп. Той болғасын иесi нанды жүздеп емес-ау, мыңдап, қаптап алады. Әрi неше түрлiсiн.

Қариямыз қисайып қалса да iздейтiнiмiз - қасиеттi нан!

Әдемi басталған әңгiменi тамашалап аяқтағың келедi-ақ. Аппақ нанды ұртыңа толтыра отырып, көңiлдi сөздердi жаза бергiң де келедi... Бiрақ, айналаңа қарасаң, қарның ашады. Алдында айтып отырған құдiреттi нанды дайындаудың, пайдаланудың жай-күйiне ойланасың.

Ендi, соған келейiк. Ең басты сауал: «Көз алдыңыздағы нан өнiмдерiнiң бәрi сапалы, адам сүйсiнiп жейтiндей ме?» Екiншi сауал: «Оның адам ағзасына тигiзер әсерi қандай?»

Соншалықты сапалы, ағзаңызға жұғымды екен, онда неге нан таңдап, оны сататын жер таңдап әлек болдыңыз? Шалқаңыздан жатып алып, үй жанындағысын ала салмай?

Ал, iздедiңiз... Анық солай екен, онда бiр миллионға тарта халық қоныстанған Шымкентте нан саудасының бетiмен кеткенi былай тұрсын, наубайханалардың әдептен де, әдеттен де жұрдай болып бара жатқанын мойындағанымыз абзал. Дастархан толы. Қонақты шығарып салдыңыз. Алдыңызда әдемi бөлкелер самсап тұр. Өйткенi, оларды қалай қойсаңыз, дәл сол жерiнен ешкiм қозғамаған. Тимеген. Әппақ бөлкеден ауыз тимегенi қалай?

Қонақ шығып кеткен соң дастархан үстiнде шетi үзiлмеген күйi «шоғырланып» тұрған нанға қарап не ойлауға болады? Оны сатып алуға кеткен қаржыны ма, әлде сол наннан сақтанып, жемей кеткен «қарынды» ма?

Әрине, сақтанған адам ақылды. Ауызға салса, сағызша созылатын тандыр нанның сапасыздығын өршелене жақтасаңыз да ақтап ала алмайсыз.

Бәлкiм, осыдан пайда тауып жатқандар ойланар. Тиiстi мекемелер қаладағы кез келген көшедегi, базарлар iшiндегi жүздеген наубайханаларды тексеруге алар.

Сонда олар қолында қотыры бар кiсiлердiң де қамыр илеп, нан жауып, табыс тауып жүргенiн көрер? Күннiң көзiнде, көшедегi шаң-тозаңды елемей арбаға артқан нанын емiн-еркiн сатып жүргендердi тәртiпке шақырар? Әйтпесе, оңтүстiкте сәл болса өршiп шыға келер жұқпалы аурулардың «ошағын» өшiру қиынға соғады-ау.

Облыс орталығындағы базарлардың қайсысына барсаңыз да көшенiң, тротуардың бойында, базардың iшiнде ашықтан - ашық нан өнiмдерiнiң сатылып жатқанын көресiз. Көлiк түтiнiнiң, микробтардың қонар жерi - сол жол жиегiндегi, ашық базардағы азық - түлiк тауарлары. Нанмен бiрқатарда сатылып жатқан жемiс - жидек, көкөнiстi тұрғындар жуып - тазалап барып, ал басқа азық түлiктердi жуып - пiсiрiп немесе қуырып барып тұтынады. Ал солардың қасында тұрған нанды сүрте қоймассыз. Нан өнiмдерi жалпы азық - түлiк санитарлық нормаға сәйкестендiрiлген орындарда сақталуы тиiс. Бiрақ оны ешкiм талап етiп жатқан жоқ.  Бұл орайда қалалық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының жұмысы ешқандай нәтиже берiп жатқан жоқ десек те болады. Нан өнiмдерiн сататындардың, пiсiретiндердiң әрекетiн апта бойы бақылап осындай ойға келдiк.

Облыс орталығында қанша наубайхана жұмыс iстейтiнi, қандай кәсiпорындар нан өнiмдерiн дайындаумен айналысатыны  және олардан қала бюджетiне қанша салық түсiп жатқаны белгiсiз. Шымкент қалалық салық комитетiндегiлер мұндай ақпарат бере алмайтынын, наубайханалар жекелей тiркеуге алынбағанын айтуда. Демек, нан өнiмдерiн дайындаушылар жасырын жұмыс iстейдi.  Мысалы, кәсiпкер азық - түлiк өнiмдерiн сатумен айналысатынын  көрсетiп тiркеледi, дүкен сатылады делiк. Сол дүкеннiң қасынан немесе iшiнен ошақ соғып, арнайы қондырғылар қойып алып, алаңсыз нан өнiмдерiн пiсiре бередi. Қазiргi таңда базардағы немесе маңындағы асхана,  азық - түлiк дүкендерiнен шағын цехтарды көптеп кездестiруге болады.  Қосымша цехтан салық та сұралмайды, санитарлық талап та қойылмайды. Ондай цехтарда жұмыс iстеп жатқандардың санитарлық кiтапшасы болмайтыны да анық. Тазалығы күмәндi цехтарда дайындалатын өнiмдер қала тұрғындарының дастарханына түседi.

Осылайша қасиеттi нан жасырын бизнес көзiне айналып қана қоймай, пысық кәсiпкерлердiң көмегiмен тұтынушылардың денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Нанмен бiрге асқазанға түскен шаң - тозаң мен микробтардың «өнбесiне» кепiлдiк жоқ. Бұл цехтарда пiсiрiлеген нандар түбiне қапшық төселген қоларбаға үйiле тиiледi де базардың кез келген нүктесiне жеткiзiледi. Көлiктердiң, жүргiншiлердiң арасынан өтетiн арбаның үстi ашық. Жасырын цехтарда жұмыс iстеп жатқан азаматтардың ешқандай құжаты жоқ, көршi елден келген арзан жұмыс күшi болуы әбден мүмкiн. Сондай-ақ шағын цехтарда дайындалатын нан өнiмдерi үлкен дүкендерге де жеткiзiледi. Сатушылар өнiмнiң қай жерде, қандай кәсiпорында дайындалғанын бiле бермейдi. Дүкендерде арнайы пленкаларға оралған, дайындалған жерi, сақталу мерзiмi көрсетiлген нан өнiмдерi де сатылады. Әрине, олардың бағасы қымбаттау.

Бiз жоғарыда қала тұрғындарының басым бөлiгi тұтынатын нан өнiмдерiне қатысты ғана мәселелердi қозғадық. Жабайы сауда мен жасырын өнiм шығару бiр күнде тиылмас. Дегенмен, нанның киесi барын сатушылар мен  пiсiрушiлердiң есiне салғанды, сондай-ақ, тұтынушылар сауда орындарындағы тазалықты қадағалайтын мекемелердiң өзгенi де, өздерiн де алдамай, тиiмдi жұмыс iстеуiн қалайтынын жеткiзудi жөн санадық.

Осыдан барып, ұн өнiмдерiн өндiрушiлерге мықты бақылау, қатаң тәртiп орнату өзiнен-өзi пайда болары анық. Әрине: «Нан жеп, ауырып қалыпты» дегендi әлi ешкiм ести қойған жоқ. Себебi атам қазақ нанға ешуақытта күдiкпен қарамаған! Оны дәмнiң басы деп бiлген! Бiрақ, «қазiргi» нан, жоғарыда айтып өткенiмiздей өз өзiнен желiнбейдi. Тәбет тартпайды. Сосын оны басқа тағамдармен қоса пайдалануға тура келедi. Нәтижесiнде келген кеселдiң себебiн жазықсыз тағам алып шыға келедi. Нанның құрамындағы сапасыз өзгерiстер құпия күйi қалып кете бередi. Содан, саудагердiң мұрты да қисаймайды.

Шымкентте бұл тақырыпты көлденеңiнен де, тiгiнен де қойып айтса да айыбы жоқ шығар. Өйткенi жұрттың бәрiнiң үйiнде нан жабатындай мүмкiндiгi жоқ. Әрi нан саудасы, оны пайдалану алғашқы орында тұрғандықтан көпшiлiк өз денсаулығы үшiн алаңдауы қажеттiгiн еске салғанымыз жөн.

Аты беймәлiмдеу көшенiң бойында ешкiмнiң көзiне түсе бермейтiн наубайхана бар. Онда күндiз-түнi нан жабылады. Жуырда нан алмақ болып наубайханаға кiрдiм. Сосын... ондағы жағдайды көрiп, жағамды ұстадым. Iшiнде нан пiсiп жатқан тандырдың сыртына наубайшылардың киiмдерiн, нәскилерiн жайып қойыпты. Шамалы ескерту айтып кеттiм. Келесi күнi бас сұқтым. Ендi оның орнына терге малшынған киiмдерiн кептiрiп жатыр.

Осы бiр көрiнiс есiмнен де, түсiмнен де шықпай қойды. Менiң ескертпемнен сескенген жiгiттер iшке кiргiзбеудiң неше түрлi амалын тауып, олар жүр... Содан болар қаладағы басқа наубайханаларда да осындай емес пе екен? - деген уайым басады да тұрады.

Өзiм үшiн емес, нан өнiмiн күн сайын тұтынатындардың жаны қандай сiрi едi деймiн.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар