Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2002 0 пікір 13 Желтоқсан, 2021 сағат 16:33

Ресейде омикрон жұқтырғандар саны 16 адамға жетті

Ресейде омикрон штаммын жұқтырғандар саны 16 адамға жетті. Бұл туралы вице-премьер Татьяна Голикова мәлімдеді. «Бүгін елге оралған 177 азаматтың 16-сында омикрон штаммы анықталды, олардың барлығы бақылауда», - деді ол Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде.

Ресейде бір аптада COVID-19 ауруын жұқтырғандар саны 7,3%-ға төмендеген. Көрсеткіш халықтың жүз мыңына шаққанда 144,95 құрады. Федерацияның 24 субъектісінде ауыр халдегі науқастардың ауруханаға жатқызылуы да артты.

Ресейде 68,8 миллион адам екпенің екі компонентімен, 75,5 миллион адам бір компонентпен егілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қараша айының соңындағы шұғыл жиналыстың қорытындысы бойынша Оңтүстік Африкада табылған B.1.1.529 коронавирусының жаңа нұсқасын алаңдаушылық туғызатын санатқа жатқызуға шешім қабылдады және оны грек әрпімен omicron деп атады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1959
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2268
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1861
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550