Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2478 0 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 14:45

"Алтын" және "Күміс" алқа: шарттар жеңілдетілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөніндегі қызметтерді проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті.

Министрлікте атап өткендей, көп балалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында 2019 жылдан бастап аталған жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алу мүмкіндігі қарастырылған.

"Бұл әйелдердің кезекке тұру қажеттілігін жойды, олар мемлекеттік қызметтерді кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады. Бір ғана SMS-хабарламаға жауап беру арқылы көрсетілетін қызметті алушы жәрдемақыны проактивті беруге келісімін береді және банктік шотты растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өзге де ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады" дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Оның айтуынша, жеңілдетілген тәртіп проактивті форматта мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қамтуды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы проактивті қызмет алған көп балалы аналар саны екі еседен астам өсті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1855
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548