Жұма, 26 Сәуір 2024
3451 3 пікір 6 Желтоқсан, 2021 сағат 15:57

Ресейде отырып Қазақстаннан зейнетақы алған

2020 жылғы ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда 2,2 млн адам зейнетақы алады. Былтыр уәкілетті органдар Ресей мен Қазақстаннан қатар зейнетақы алып жүрген 1198 адамды анықтаған болатын. Ал, биыл екі елдің зейнетақысын алып жүрген 289 адам тағы да анық болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша, Ресейде тұрын Қазақстаннан зейнетақы алыған адамдар бюджетке 6,3 млрд теңге шығын келтірген.

«Аталған адамдардың Ресей Федерациясында қос азаматтығы және зейнетақы төлемін алу фактісінің болуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында республикалық бюджеттен қайта алынған қаражат сомасы алдын ала есеп бойынша – 6,3 млрд теңгені құраған. Көрсетілген мәліметтер негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемін алушылардың қос азаматтық фактісін анықтау үшін Ішкі істер министрлігіне және аталған адамдардың бюджет қаражатын өтеуде тиісті шаралар қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне хат жолдады. Тиісті жауаптар келгеннен кейін қос азаматтықты және қосарланған төлемдерді анықтау фактілері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тетігі пысықталады», - дейді министр.

Бүгінгі күні Қазақстанмен қоса тағы да көрші елдерден зейнетақы алып жүрген азаматтарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтауға кірісті.

Abai.kz

3 пікір