Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 17 Тамыз, 2012 сағат 15:52

Нұрлан Сәдір. Өй, оңбаған Мафия!

Бірден айтып қояйын - бас әріппен жазатындай мен мафияны соншалықты қатты құрметтемеймін. (Оларға бетіне «оңбаған» дейтіндей батырлығым және жоқ) Үлкен әріппен бұл адамның аты болғасын ғана жазып отырмын. Иә, иә! Мафия - қазақтың есімі және мыңдаған жылдық тарихы бар есім. Өзбектер меншіктеп алғысы келіп жүрген «Алпамыс батыр» жырында әрі патша әрі құл Ұлтан бар емес пе! Мафия - соның сақау қатынының сақау құрбысы.

Сонымен, Мафия маған не жазып қалыпты,  менің оны оңбаған деуге қандай қақым бар? Сақаулығы үшін емес, әрине, оны сұрап алмаған шығар. Әңгіме оның рухани да сақаулығында болып отыр. Өзінің тексіз, тәрбиесіз-көргенсіздігінен күні кеше асын беріп, асырап жүрген иелеріне арсылдап үреді, ұрлайды, ұрлап қана қоймайды, ажуалап мазақ қылады. Осындай Мафияны «оңбаған» демегенде кімді «оңбаған» деймін. Бірақ,  мың жыл бұрын сүйегі қурап қалған албасты болса да апамыз болып келетіннің құлағын шулатпай-ақ та, бұл атқа лайықтылардың қазір де өріп жүргені туралы әңгімемізге көшейік. Олар, тіпті, билік өкілдері арасында да жетерлік. Мен тек шенеуніктер ғана таза болсын, қалғандарына оңбағандық тым жақсы жараса береді деуден аулақпын. Тегінде,  жай адам оңбаған болса, оның осы қасиетінен зардап шегетіндердің саны оңбаған шенеуніктерден опық жейтіндерден  әлдеқайда кем соғарына дауласпассыз. Сөйтіп сөзіміз дәйекті болуы үшін паралель келтірелік:

1. Қазір елімізде  шенеуніктердің дені - Мафия сияқты сақау. Және бұл атақтан, қазір бәрің мені тап-таза дикциямен жеті атамнан бермен сыбап-боқтасаңыз да, құтыла алмайсыз. Себебі Сіздердің сақаулықтарыңыз - аса ірі көлемдегі сақаулық, ана тілді білмеу сақаулығы. Бұндай сақаулықтың қасында Мафияның сақаулығы ойнамай қалады. Сонымен, Сіздің пайдаңызға 1:0. (Олимпиаданың дүмпуі әлі басылмағасын, өзімше спорт тілімен сөйлеп жатқаным ғой.)

2. Қалай, ұрлық жағынан әңгіме қозғамай-ақ қоямыз ба? Мафияның дамбалының ауына тығып алған тілләсі мен офшорларға жасырылған тонналарды салыстырып қайтеміз, иә?! Жарайсыз! Есеп 2:0.

3. Ал мазақ қылу жағына аздап тоқталмаса болмас. Мысалы, өзімізден мұнай теңіз болып шығып жатқанда бензин жетпейтіні, жетсе әкесінің құнын сұрайтыны, мазақ емей немене? Жалғастыра берсем - алысқа кетермін. Бірден бағаңызды берейін: Сіз Мафияны жеңдіңіз, шенеунік мырза! Ал кішкентай әріппен жазылатын мафияны қашан жеңесіз?! Сіздер жауап қатқанша Алпамыстағы Мафияға сөз бере тұрайын:

Ал Мафия сөйледі:

«Менің атым Мафия

Дидәңді алдым қапия

Ашуданба, шияғым

Кигізейін басыңа

Бес бидайық тақия»

Ұялмайды, ә?! Кет әрі, тақияң да өзіңе, ... Өй, оңбаған МАФИЯ!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар