Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3321 0 пікір 17 Тамыз, 2012 сағат 15:34

Есенғазы Қуандық. Жазатын тақырыбы таусылған жазушы Боранбай мырзаға!

Менің жоғары оқу орындарында несие жүйесі бағдарламасымен оқитын  студенттерге арналған  2009 жылы басылып шыққан, «Қазақстан тарихы»  (ХХ  және XXI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика  тарихының өзекті мәселелері бойынша лекциялар) балама оқулығыма бар жазушылық «өнеріңді» салыпсың.

Автор Қуандық Е.С.  «Қазақстан тарихы» (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық, Алматы,   "Дәуір", 2009 -  490 бет.

Пікір жазғандар:

Н. Мұқаметханұлы - тарих ғылымдарының докторы, профессор

(С. Өзбекұлы) - ҚР Заң ғылымдары академиясының президенті және академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай сыйлығының лауреаты.

Менің жоғары оқу орындарында несие жүйесі бағдарламасымен оқитын  студенттерге арналған  2009 жылы басылып шыққан, «Қазақстан тарихы»  (ХХ  және XXI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика  тарихының өзекті мәселелері бойынша лекциялар) балама оқулығыма бар жазушылық «өнеріңді» салыпсың.

Автор Қуандық Е.С.  «Қазақстан тарихы» (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық, Алматы,   "Дәуір", 2009 -  490 бет.

Пікір жазғандар:

Н. Мұқаметханұлы - тарих ғылымдарының докторы, профессор

(С. Өзбекұлы) - ҚР Заң ғылымдары академиясының президенті және академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай сыйлығының лауреаты.

Аталған кітап таяуда қолыма түсті деп, «Түркістан»  газетінің 2012 жыл 12 шілдедегі санындағы «Жалпақшешейлік пе, жауапсыздық па?» деп ат қойған мақалаңды өтірік айтудан бастап, ойлы оқырмандарыңды шатастырғаныңыз қалай? Шымкенттіктердің бәрі өтірік айтпаса тыныш жүре алмай ма? Әлде, Д.Салқынбек деген қазір айтқан сөзінен тайқып шығып мен айтқам жоқ дейтін «тарихшы» жерлесің үйретті ме? Өзің арнап жазып отырған «Түркістан» газетінің оқырмандарын  жазушылық жаңа қырыңмен  «танылып, оларды «сусындатып», тәнті», етіпсің, басқа жазатын тақырып таба алмаған екенсіз ғой. Әлде жерлестерің тапсырысы «қымбат» болды ма? Ойлы оқырмандар алдында «білімпаз» қаблет-қарымыңды көрсетіп, тарихи оқулық жазуды білмейсің деп мені күстаналап, біраз «шеріңді тарқатып», «ақыл» айтып  жазушымын деп қол қойыпсыз. Бұдан бір жылға жетпестей уақыт бұрын  осы мақалаңды «Жас қазақ» газетіне апарып бастырмақ болғансың, ондағы журналшы жігіттер БАҚ заңының талабына сай мені шақырып «Жарылқасын Боранбайдан кітабыңыз туралы мақала түсті не айтасыз» деген соң, осы кітап басылып шыққанда объективті  пікір білдіріп, басқан республикалық алты-жеті газет-журналдарына шыққан мақалаларды апарып көрсетіп, бұл мақала  «тырнақ астынан кір» іздеген мені мұқату үшін тапсырыс пен жазылғандығына олардың көздерін жеткізген болатынмын. Ол жолғы Боранбайдың «Жас қазақ» газетіне жазған мақаласы «бір студенттің «Қазақстан тарихын», осы аталған кітапты айтып тұр, қоқысқа лақтырғанына куә болдым деп басталған» болатын.

Ең алғаш рет итернетте Abai kz сайтында 2011 жылы 29 наурызда бүркеншек ат «Сарсен Наурызов» деген жалған автордың атынан жазылған болатын. Сөз саптауы, кітаптан теріп алған фактылары, маған жауып отырған жалалары, бәрі сол жолғы мақаладағы  фактылардан аумайды үтіріне дейін, Жарылқасынның аталған мақаласымен бірдей. Енді шын  авторы табылып қуанып отырмын.  Бұл жолы «Түркістан»  газетінің редакторының орынбасары Д. деген азамат БАҚ заңына пысқырмай менің құқымды шектеп, лауазымын асыра пайдаланған. Тақырыбы мазмұнына сай келмейтін мәселелерді өзінше сипаттап жазған, онымен қоймай ананы неге жазбадың мынаны неге жазбадың деген «білгіштігін» қолдағаны, Боранбайдың мақаласын шығаруға мүдделі болғандығы, тамыр-таныстыққа жол бергендігі көзге ұрып, көрініп тұр. Мен жаңағы орынбасардың орнында болсам, ішің күйіп әкетіп бара жатса Боранбайға сотқа жүгін деген кеңес берер едім.

Өкінішті бір жағдай пікір жазған Сәкен Өзбекұлы бұл дүниеден жұмбақ жағдайда кенеттен өтіп кетті, тірі болғанда оның берген жауабынан кейін «бекер жазған екем» дейтін күйге түсерің анық еді. Ал  редактордың орынбасары Сәкенді «досым еді деп сайқалдыққа барғаны,  азаматтығына сын» уақыт бәрін өз орнына қояды ғой, үнемі сенің ойлағаның мен істегенің бола бермес Д мырза. Өзі жоқтың көзі жоқ, орынбасар мырза, ретін тауып жақсы көрінгің келетін зымиян айлаң  бар екен өткенде байқаттың.

Енді тікелей аталған кітаптың беттерін көрсетіп, «сынықтан сылтау іздеп» ата жауын көргендей шүйліккен Боранбай мен қызғанышпен ауырған Салқынбекке, мені мұқатуда алдына жан салмайтын жазушының тағы бір жерлесі Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің сезікті жолмен кездейсоқ проректор креслосына топ ете түскен Сарсен Жүсіпбековке айтарым мынау.

Жоғары оқу орындарында несие жүйесі бағдарламасымен оқитын  студенттерге арналған оқулық па, әлде «Жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға, тарихшы-оқытушыларға және жоғары оқу орындарына түсуші-талапкерлерге арналған оқу құралы ма»?  деп  өзіңше мұқатқан сұрақ қойыпсың. Жауап былай: осы аталғандардың бәріне арналған. Кім қажет деп есептейді солар оқиды, оған неге шала бүліндің жұртқа нені оқу, нені оқымау керектігін айтатын сен кімсің? Ешкімге  зорлықпен оқы деген таңу жоқ, шет елдегі тәртіп сондай әр профессордың өзінің лекциялар курсы болады  студенттер, магистранттар қалағанын оқиды. Оған «жерден жеті қоян тапқандай»   Білім министрінің назарына деп  арнап жазыпсың. Ондағы мақсатың кітапты шығартпау ғой. Есіңізде болсын бұл оқулықты өз қаражатыма шығардым, сұраныс бар тағы шығарам. Керемет сарапшы болсаң оқулықтың сапасына жаның ауыратын болса, ойлы оқырмандарыңа, кезінде мен сынаған ҚазҰТУ-ің ғылым докторы, тарихшы Чатыбекова Камиляның, Ч,Мусиннің, Г.Канның бірнеше мыңдаған данамен жарық көрген «Қазақстан тарихы» оқулықтарын неге сынамадың, ол оқулықтардан алынған білімнің рухани зиянының қасында менің кітабым отансүйгіштікке баулитын, таптырмайтын оқулық. Қазақстанда   менікіндей оқулықтағы оқиғаларды жазуда ғылыми айналымға алғаш енген әдебиеттер мен дерек көздеріне 560 сілтеме жасалған, оның 70 пайызынан  астамы мұрағат деректерінен тұратын, өткен тарихи оқиғалардың «ақтаңдақтарын» қалпына келтірген оқулықты тауып көрсетші.

Ал оқулық пен оқу құралы  туралы айтқаның былшыл. «Оқулық-ұлт кітабы деген не жаңалық» Ұлттар көп қой сонда қай ұлттың оқулығы? Қазақта «төл» деген жалпылама ұғым бар, оған қозы да, лақ та жатады. Сол секілді оқу құралы деген жалпылама айтылған ортақ түсінік. Мұны өзің түсінбей жатып қазбалауды «тырнақ астынан кір іздеу» дейді.

Оқулықтың құрылымына соқтығып, неге бәрі бірдей  көлемде емес «ішек секілді шұбатылған ұзақ» деген мін тағыпсың. Тарихи оқиғаларды мен жасағам жоқ, 20-30 жылдардағы оқиғалар (барлығы 20 жыл мерзімді қамтиды) бұрындары аз зерттеліп, көбі қызыл идеологияның ықпалымен жасырылып, «ақтаңдақ» болып келді. Уақыт сұранысына сай ол кезеңдегі Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының өзекті маңызды проблемаларын жас ұрпаққа толық түсінікті етіп беру үшін, Боранбай айтқандай шағын бет арнап атап өту мүмкін болмағандықтан, жан-жақты қамтылды.  Сондықтан ол кезеңдегі маңызды оқиғаларды бір қалыпқа салу әділетсіздік болған болар еді.   Ал Боранбай және оның жерлестері негізсіз сынап отырған, «неге барлық тарихи оқиғаға бірдей бет арнамадың»  деген «ақылсымақ» уәждерін өздері пайдалансын. Бар білгендері сол болса таласым жоқ, өздері солай «инкубатордың балапанындай» бірдей  етіп бәріне бірдей  бет арнап жазсың.

Ал Боранбай мырза «ішекше шұбатылған» деп айдар тағып мұқатқан кезеңдегі тарихи оқиғалардың  жазылу ретіне көз жеткізу үшін кітаптың мазмұнынан үзінді беріп отырмын. Оны сен үшін емес, оқырман өзі бағаласын деп беріп отырмын.

3-тақырып.

1.3.   Кеңес өкіметінің елдегі жүргізген алғашқы саяси шаралары

Жалпықазақтық екінші съезд. Алашорданың құрылуы

2.3.   Қазақстанның азамат соғысына тартылуы. "Әскери коммунизм"

саясаты. /1918-1920жж./

3.3.   Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Советтік Социалистік

Республикасының құрылуы (ҚазАКСР). Қазақ   жерлерінің

ҚАКСР-ің   құрамына   бірігуі.

4.3. Жаңа экономикалық саясат. (ЖЭС). 1921 жылғы ашаршылық.

Жер-су реформасы.

5.3.  КСРО-нің құрылуы. Орталық Азияның ұлттық-мемлекеттік

межеленуі.

4-тақырып.

20-жылдарың ІІ-ші жартысы мен

30-жылдардағы Қазақстан

1.4.  Қазақстанда жүргізілген "Кіші Қазан" бағыты және ауылды

жаппай кеңестендіру

2.4. Дәстүрлі шаруашылықты жаппай күштеп ұжымдастыру

Шабындық  және егістік жерлерді қайта бөлу, жерге

орналастыру   саясаты.  Ірі  қазақ байларын тәркілеу.

3.4.  Индустрияландырудың Кеңестік нұсқасы.  Түрксіб.

4.4.  Ауылдың таптық жіктелуі. Ашаршылық нәубеті

5.4.  Мәдени құрылысты идеологияландыру және байырғыландыру

(коренизация) саясаты.

6.4. "Интернационализм" негізінде жүргізілген ұлт саясаты.

7.4.   Комсомол-жастар мен әйелдер арасындағы саяси жұмыстар.

8.4.  Тоталитарлық жүйенің халықты жаппай қуғын-сүргінге

ұшыратуы. Оппозицияны саяси "ауытқушылыққа" айыптау

науқандары. Бұқара және оның  саяси құқығы.

Осы аталған тақырыптар Ұлы Отан соғысы жылдарына дейінгі 20 жылдан астам мерзімді қамтиды. Ал беріліп отырған оқулықтағы бұл жоспар, ол Білім министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес жасалды. Тек сұрақтардың аталуы өзгертіліп, түрлендіріліп негізгі мәні ескеріліп ғылымиландырылып беріліп отыр.

«Тәуелсіздіктің 18 жылына айтар  тұшымды пікір болмаған ба» деп жөн-жосықсыз тиісіп, мені бір Тәуелсіздікке қарсы адам ретінде көрсетуге тырысқансың. Тәуелсіздік жылдары болған оқиғалар туралы жазылды, ал толық жан-жақты зерттейтін Астанада арнайы ғылыми институт жұмыс істеуде, көптеген тарихи оқиғалар әлі зерттелу үстінде.

Мақаладағы «Әлде «Қазақстан тарихының» ең шешуші  сәті осы ма?» -деген қотыр сөйлемді қалай түсінеміз?  Шешуші кезең болады, ал шешуші сәт дегеніңіз сауатсыздық емес пе?

Боранбай мырза, тұңғыш Президенттің ана сөзін, мына сөзін жазбадың деп мен президенттің тұңғыш екенін білмейтіндей, шағыстыра жағымпаздана жазыпсың. Нені жазам нені жазбаймын онда жұмысың болмасын. Осы мақаланы жазудағы мақсатың мені қаралап, білім министрілігіне тіпті Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне дейін арыз айтып шағыныпсың оның оларды маған қарсы қою ғой арам ойың,  іштерің қызғаныштан күйіп бара жатса «тұз жалаңдар». Қазір плюрализм заманы сен аңсап отырған нұсқаумен тарих жазғызатын кеңес дәуірі келмеске кеткенін ұмыттың ба? Ойлы оқырмандарың менің бұл оқулығымды оқымай ақ қойсын.

Бұл жерде жазушы Боранбай «Біздің Сіздерден сұрайтынымыз, дәл осы тұжырым  біздің мемлекеттік саясатымызбен  қабысады деп айта аласыздар ма?» - деп жазғанда кімнен сұрап тұр соны білгім келеді. О дүниелік болып кеткен белгілі ғалым Сәкен Өзбекұлынан ба?  Ол азаматтың аруағын мазаламай ақ қой, жауапты өзім берем. Қойып отырған сұрағыңда «біз» депсің оларың кімдер С.Жүсіпбеков, Д.Салкынбек секілді жерлестерің бе? Боранбай мырза өткен тарихи оқиғалар саясаттың пәрменімен жазылғанын білесің, ал өркениетті елдер керісінше тарихқа жүгініп саясат жүргізеді. Оны білмегенің қалай, саясат деген сөзді қолдануды білесің. Бұл пікірімнің саясатқа қабысатынын Елбасының өзі атап көрсетіп берді. Шырылдаған шындықты халқымыз тек тәуелсіздігін алған сәттен бастап қана оқып, білуге мүмкіншілік алды.  Бүгінде өз  тарихымызды  жан-жақты білу және зерделеу, тәлімінен үйрену, одан сабақ алудың келе­шек үшін маңызы зор болып отыр. Осы өткен тарихи оқиғалардың маңыздылығы туралы өзінің "Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын" деген еңбегінде Елбасы Н.Назарбаев: "Яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспа­сыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін,  жаманнан жирену үшін қажет"-деп баға берген болатын.1

Міне, сондай көкейкесті шытырман оқиғаларға, саяси науқандарға толы тарихи кезең-ол ХХ ғасыр оның ішіндегі Кеңестер Одағының социализм құруды іс жүзіне асыруды қолға алған жылдар. Тарихшы ғалымдардың осы кезеңді жан-жақты зерттеп, оның тағлымынан ұрпақ игілігіне жарататын құнды жаңалықтар ашуға талпынулары да заңды құбылыс бо­лып есептеледі, өйткені бұл кезеңнің тарихи маңыздылығы оның тәуелсіз Қазақстанның өткендегі, алдағы тағдырымен тікелей байланыстылығында екенін білесің бе?.

Сталиндік тоталитарлық билік моделінің Кеңестер Одағында үстемдік құруы, ондағы халықтарды қорқытып- үркітіп, үрейлендіріп, ұлттардың табиғи бейнесін жоюға тырысқан казармалық социализмді өмірге әкелген еді. Жалған интернационалистік қағидалармен қаруланған әміршіл жүйе өз саясатын жүргізуге лайықты, оны қолдап-қолпаштайтын жасанды идеологияның қызметіне сүйенді. Би­лік басындағыларға халық мұңын жеткізу мүмкіндігі болмады. Шындық бұрмаланды. Тарихтағы сол бұрмалаушылықтың зардабы күні-бүгінге дейін осы халықтың қоғамдық даму жолына зиянын тигізіп келеді.

Қазақстан тарихының "ақтаңдақ" беттері аз болмаған, ол туралы қызыл идеологияның дәурені жүріп, дәуірлеп тұрған кезінде ашық айтылмады, бәрі де бүркемеленіп көрсетілді. Айтуға, жазуға талпынғандар жазаланды. Кеңестер дәуіріндегі әкімшіл-әміршіл жүйенің билігі кезінде тарихи оқиғаларға, қоғамға, сол кездегі тіршілікке, басшы қызметкерлердің іс-әрекеттеріне, кісілікке, көсемдікке, әділдік пен зорлыққа берілетін баға кесіліп-пішіліп, өңі айналдырылып, өзгертіліп берілгендігі бүгінде ешкімге құпия емес-ті. Боранбай  мырза осы өткен тәжірибені аңсап, сол арқылы Білім министріне, Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жүгініп, мені мұқата  алар ма екенсің? Ол кітапты оқығандар  шымкенттіктер мен «Түркістан» газетінің ойлы оқырмандарынан басқалары азын-аулақ кемшілігіне мән бермей жақсы жағын асыра бағалауда.

Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанын білмеген адам қандай тарихшы деп кеуделеніпсің. Ол компьютерге терілгенде  қазан айы желтоқсан болып қате кеткен.  Мені түзетпек болған өзің неге оқырманды шатастырасың, ғарышқа ұшқан күні 10 қазан емес, 2 қазан ал 10 қазанда ол ғарыштан жерге қайта оралып қонды. Ұшу мен қонудың айырмашылығы бар шығар жазушы мырза.

Осы секілді А.Байтұрсыновтың «ауыл мектебінен сауат ашып, Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесін үздік бітіріп, одан соң  Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын семинарияны 1895 жылы тәмамдаған», деген  сөйлемде «...одан соң  Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын семинарияны» деген сөздер басылмай қалған екен. Боранбай мырза мені сөгіп «біраз жерге апарп тастадың».

Ары қарай ол аталмыш мақаланда «Бір ғажабы, автор халқымыздың тарихындағы ірі тарихи оқиғаларды, тұғырлы тұлғалардың өмір тарихын, ерлік істерін де нақты білмейді» деп жазушылық қиялға беріліп, ай далаға лағып жазумен бірге, маған жала жапқан. Оның дәлелі Бауыржан Момышұлы туралы  көлемді мақала («Нөмір бірінші «ұлтшыл» атанған қазақ»  «Жұмадағы жүздесу қоғамдық саяси, көркем-әдеби тәуелсіз басылым» 15.10.2010 №41 (591); «Үш қоңыр» №20  1 желтоқсан 2010 жыл; «Әкеңнің бар ма менде қалған құны?» «Общественная позиция» №38  (75) 27 октября 2010г )  деген атпен аталған басылымдарда жарық көрген, соны оқысын. Сонда ол айтылған сөздердің, айыптап таққан жалаң, маған еш қатысы жоқ екендігіне көздеріңіз жетеді.

П.А.Столыпин  «Министрлер кеңесінің төрағасы болған. Оны премьер  -министр» деп шатастыруға болмайды» деп  білгішсініп айтқаныңа қарағанда саясаттың әлемдік тәжірибесінен мақұрым, саяси сауатсыз өреңнің қандай екені  байқалады. Басқа айтарым жоқ.

«Тарихшы Е.Қуандық осы фотосуреттің ізімен келе жатады да, Е.Күзембаевқа  келгенде шындықтан шығындап шығып» Е.Күзембаевты алып тастап Хасен Қожа Ахметті қосқан» деп айыптапты. Бұл жолы да компьютерде кітапты терген адам  Күзембаевты байқаусызда қалтырып қойған. Ол қателік түзетілді.

Боранбай мырза мен сенің басыбайлы тарихшың емеспін не айтсаң соны жазатын ол бір. Екінші Күзембаевтың есімі  сен жазғандай «Е» әрпінен басталмайды,   есімі Қайыркелді. Үшінші ол сен айтқан суреттегілер қасқайып тұрғандар бесеу емес, төртеу.

«Алаш Орда» үкіметі болғандығы туралы мәлімет барлық тарихи оқулықтарда жазылған. Үкімет мемлекеттің басты құрылымы екенін, мемлекетсіз үкімет болмайтынын ұмытпағайсың.

Кейкі батырды екі рет ажал құштырған сенің арам ойың. Бір ақпарат көзінде оны комиссар А.Токарев атып өлтірді делінген. Енді сол өлген Кейкі батырды, одан кейін қолын бұтарлап, басын кесіп алуы мүмкін екендігіне шек келтіру оны бұрмалап басқа мазмұнда беру арамдық емес пе? Аңдығандар оны қапылыста 1923 жылдың наурыз айында Жыланшық өзені  бойындағы Жалаулы жайлауында қолға түсірді деген жаңсақ ақпарат қате кеткенін мойындаймын. Ол түзетілді. Бұл жерде екі дерек көзі қатар кеткен.

Ал газетте суреті басылған Ж.Қасымбаевтің оқулық кітабын өмірі қолыма ұстап көргем жоқ. 180-197 беттердегі мәліметтерді көшірсем неге оқырманның көзі жететіндей етіп сол көшірілген жерін салыстырып жазбағансың.

Оқулыққа енбей қалған материалдар, толықтыруды қажет ететін тақырыптар, дәлелдей және нақтылай түсуді керек ететін тұстары әлі де жетерлік... деген оқырман алдынан өткен ескерту сөз жазған сөйлемді неге оқымағансың.

Есенғазы Қуандық

тарих ғылымдарының докторы, профессор.

А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ»

медалінің иегері

Алматы қаласы,

2012 жыл,  тамыз айы

0 пікір

Үздік материалдар