Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2655 0 пікір 17 Тамыз, 2012 сағат 09:46

Шәріпхан Қайсар. «АЯҚТАРЫМ АУЫРЫП БАРАДЫ...»

Әлия Тұрысбекованың «әлгі бір кісімен» әңгімесі  туралы...

«Сенің аппақ қ.....ы сағындым», «Байғұс аяқтарым... қатты ауырып барады», «Өліп барамын...», «Маған қашан келесің?»...  Осындай күйіп жанған сөздермен жалғасқан екеудің хаты қазір ҚазНетті шарлап жүр.  (http://www.zonakz.net/blogs/user/azamat72/22724.html)

Сізге әрине алғашында «Несі бар? Нәпсіқұмар қос ғашықтың әңгімесі емес пе?» деген ой келуі мүмкін. Бірақ, скайп арқылы екеудің жазысқан хатын интернетке салушы «Ақтауда өтетін сотқа қатысы бар» деп жазыпты. Бұл аз болғандай, «Викоза» атын жамылып, нақсүйеріне өлдім-талдым деп назданып отырған әйелден Алматының тең жартысы мен ҚазНет қолданушыларының осыншама бөлігі атышулы тіркелмеген «Алға» партиясының лидерінің әйелі Әлия Тұрысбекованы (!) танып жатыр. Иә, қателескен жоқсыз. Күні ертең соты басталады деп отырған Владимир Козловтың жұбайының нақ өзі! Кей оқырмандарымыз үшін бұл ақпаратымыз әрине «жаңалық» болмауы мүмкін. Өйткені, қымбат көлік, асыл тасты әшекей десе алдымен еске түсетін Әлияның жеңіл жүрісі туралы партияның өз «кухнясына» әу бастан белгілі.

Десек те, төсек ләззаты үшін үстел үстінде үш мың қалдырғаны жөнінде  нақсүйерінің есіне салып отырған біреудің некелі әйелінің әңгімесі қазақ қоғамында қалай қабылдануы керек? Пендешілік деп қолды бір ақ сілтеуге де болар. Мейлі Козлов орыс-ақ болсын. Бірақ, біз, яғни, қазақтар дана Абайды дәретсіз емізбеген Зередей көргенді ананың ұрпағы емес пе едік? Ендеше, Әлия да сол қазақтың біреуі ғой! Сүйіп қосылған жұбайы ертеңі бұлыңғыр күйде сотты күтіп темір тордың артында отырғанда есті әйел күн-түн жарының тілеуін тілеуге тиіс емес пе еді? Қазақтың болмысында некелі әйел некелі жарына ғана тиесілі еді ғой. Ақ төсектен қадір, қасиет кетсе неке құрудың не қажеті бар? Мұсылмандықтың басты заңы ақ некелі жарға адал болу емес пе еді? Қазақ «жұбайыммен бізді тек өлім ажыратады» деп некелеспеуші ме еді? Ендеше, шариғаттың қай заңымен қарасаңыз да еш ақылға сыймайтын Әлияның мына әрекетін қалай  түсінуге болады? Жараланған ит екеш иттің де жарасын таңбаушы ма еді? Оның қасында темір тордың артында алдағы тағдырына алаңдап  мал емес, өзінің жан жолдасы отыр ғой. Әлияның осы бір қарапайым детальді түсінбегені ме?

Әйелдің ақымақтығы ғой деп доғара салғымыз-ақ келеді. Бірақ, бұл есі кеткен екеудің жиіркенішті диалогы «Алға» партиясына да үлкен сын әкеліп отыр. Білетіндер «Пупстың» атын жамылған махаббат құмар еркекті иә Алматы кеңсесіндегі (партияның) белгілі фигуранты Әділ Кудаманов, иә Козловтың адвокаты Алексей Плугов деседі. Әсіресе, біз әңгімелеп отырған нәпсінің құлы Алексей Плугов болуы мүмкін деген күдік басым. Дәл қазіргі уақытта уайымнан қан жұтып отырған басшының әйелімен әуейіленіп жүрген адвокатсымағымыз ертең Владимирді сот алдында қалай қорғамақ? Мына масқарадан соң Әлия жұбайының көзіне қалай қарар екен?

Айтпақшы, әлгі диалогтың ішінде Әлияның «Пупсына»   «Ақтауға сәлемдеме жіберу үшін саған бес мың тастаймын» деген де сөзі жүр. Әңгіме теңге емес, доллар туралы емес пе екен деп біз отырмыз. Түнде үстел үстінде тасталған үш мың тағы бар. Әрине «теңге» деп айтсақ, баланы кәмпитпен алдағандай әсер қалдырарымыз анық. Ендеше, біздіңше не партияның ақшасын оңды солды шашып жүрген Әлия есін жиюы керек, не партия сайқалдықпен атына кір келтірген мүшені өз қатарынан аластауы керек. Басшыға деген адалдық әйтеуір бір дәлелденуі керек қой...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар