Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 23854 0 пікір 15 Тамыз, 2012 сағат 13:33

ҚМДБ: Қадір түнгі құттықтаулар

Қасиетті Қадір түні... Алланы пәктеу, өзара өсиеттесу, Құран оқу, Жаратушыға жалбарыну, қысқасы құлшылық түні. Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін мешітке жиналды. Зиялы қауым өкілдері де бұл түнді ізгі ниетпен өткізді. Алматы қаласы Орталық мешітіне келген Алаш азаматтары халықты Қадір түнінің келуімен құттықтады.

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

Екі дүниенің бақытына бөленейік

  • Алла тағала айлардан - Рамазанды, күндерден - жұманы, түндерден Қадір түнін қасиетті етті. Жаратушы Иеміз бұл түнде екі дүниенің бақытына жеткізетін, ақ пен қараны айырушы қасиетті Құран аяттарын түсіре бастады. Бәріңізге белгілі, ең алғашқы аят: «Оқы!» - деп басталады. Исламның білім мен ғылымға көңіл бөлетінін осы аяттан айқын аңғаруға болады.

Қасиетті Қадір түні мың айдан қайырлы. Бұл түнді құлшылықпен өткізген адам үлкен сауапқа кенеледі. Баршаңызды мүбәрак түннің келуімен құттықтаймын. Бұл түнде уақыт өтсе болды деп, сериал көріп яки пайдасыз дүниелермен айналысу дұрыс емес. Алла тағала бізге Өзінің разы болатын сауапты амалдарымен айналысуды нәсіп еткей! Дұға-тілектеріміз қабыл болып, екі дүниенің бақытына бөленген құлдарының қатарына қосқай! Әумин!

Асанәлі ӘШІМОВ, халық әртісі:

«Азан айтылса қуанамын»

  • Мешітке кірмес бұрын Алла үйіне сыймай, аулада Жаратқанға мінәжат етіп отырған жастарға қарап сүйсіндім һәм тебірендім. Расында да бұл жақсылықтың нышаны. Қаншама жастар қылмыс жасап, өз өмірлерін өздері құртуда. Ал Ислам адамды ізгілікке үндейді. Абайдың: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» деуі тегін емес. Мен де жұмысымның қауырт болғанына қарамастан, мешітке жиі бас сұғып тұрамын. Үйдің жанында мешіт бар. Азан шақырылғанда қуанамын. Үйімнен шайтан шығар деген үмітпен. Қадір түнінің қадірін таңды таңға ұрып айта беруге болады. Алла дұғаларыңызды қабыл етсін.

Мұрат ЖҰРЫНОВ, академик:

«Дін - ғылымның анасы...»

  • Дін мен ғылымды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Дін - шексіз ғылым. Адам ақылы көтермейді. Ғылым көзбен көріп, қолға ұстаған нәрсені ғана дәлелдейді. Ал дінде біз біле бермейтін дүниелер өте көп. Мәселен, сіздің балаңыз шетелде жүріп, денесіне зақым яки ауырып қалса, әрбір ана оны жүрекпен сезеді. Яғни, Алла тағала ана мен баланың арасында бір байланыс орнатқан. Оны ғылым әлі дәлелдеген жоқ. Мұқағалидың: «Дін - ғылымның анасы», - дейтіні де сондықтан. Иман адам жүрегіне бақыт сыйлайды. Құрметті, халайық, тұтқан оразаларыңыз бен Қадір түнінде жасаған құлшылық-ғибадаттарыңызды Алла қабыл еткей!

Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері:

Оразамыз қабыл, иманымыз кәміл болғай!

- Құрметті жамағат! Бәріміз осынау тамаша ғимарат - Алланың үйінде отырмыз? Неге отырмыз? Осыған жіті назар аударайық. Алла үйіне келген соң Жаратушы Иенің есімі ұлықталып, барша құлшылық Соған арналуы тиіс. Өзара мейірімді болайық. Ұрыс-керістен, ғайбат-өсектен сақтанайық. Бүгін ерекше түн. Дұға қабыл болатын түн. Алланың әрбір түні қайырлы. Алайда бұл түннің ерекшелігі - сауабының молдығында. Сондықтан алтын уақытымызды ғапылдықпен өткізбелік.

Біздің қоғамды тек Ислам ғана құтқарады. Барша жақсылықтың бастауы болған Ислам дінін көркейтіп, халыққа насихаттайық. Алла оразаларыңызды қабыл, имандарыңызды кәміл еткей!

Еркін қажы ДУАНАБАЙ, Қазақстан қажылары қауымдастығының төрағасы:

Жүрек нұрға бөленетін түн

Мешітте отырған жастардың ата-аналары бақытты. Шынымен де бақытты. Өйткені, адамның иманы артқан сайын өмірдің мәнін түсінеді. Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда барамыз? Иманды адам осындай сұрақтарға жауап іздейді. Ал адам тек Исламнан ғана қанағат, ләззат алады. Сонда жүрек нұрға бөленеді. Алла бізді жақсылықта жолықтырып, екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз Алла тағаланың құзырында қабыл болсын!

Дайындаған Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы

P.S. Алматы қаласындағы Орталық мешітте өткен Қадір түнінде Жаратқан хақты мадақтаған жоғарыдағыдай лебіздер айтылып, қоғамның ішкі рухани келбеті туралы сөздер сөйленді. Жамағат бір-біріне иманның, адамгершіліктің, ізгіліктің екі дүниедегі сауабын өсиеттесіп, бек табысты. Әрине, жұрттың бәрі Орталық мешітке сия бермейді. Оның үстіне Алматыдай әйдік қаланың бір қиырынан келіп жету де жасы ұлғайған немесе аяқ артар автокөлігі жоқ жандарға оңайға соқпайды. Сол себептен де Қадір түні  Қазақстан ұлттық арнасынан тікелей эфир арқылы көрсетіліп келген еді. Осы жолы аталған арна сондай сауапты істің бетін жылы жауып қойды. Неге? Мүмкіндігі болмай қалды ма, әлде басқа себеп ықпал етті ме? Бұл ғаламторды еркін пайдаланатын тұтынушылардың бізге қойған сауалдарының бір парасы ғана. Сұраққа арна басшылары жауап беретін шығар деген қортынды жасай отырып біз Қадір түнін ізігі ниетпен өткерген  жамағатқа барша тілек дұғаларыңызды Жаратқан хақ қабыл еткей дейміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір