Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2616 0 пікір 15 Тамыз, 2012 сағат 13:13

Абай ұрпақтары қалай қудаланды?

Совет үкiметi Абай ұрпақтарының кейбiрiн соттап, қудалады. Кейбiрi қысымға ұшырап, әртүрлi жағдайда өмiрден озды.

Сексенiншi жылдары елден кеткен ұрпағынан әзiрге хабар-ошар жоқ. Абай әулетiнен екiншi дү­ниежүзiлiк соғысқа барған он шақты адамнан екеуi ғана қайтып орал­ған. Олардан ұрпақ қалмаған.

Абай ұрпақтарынан еркек кiндiктiден бүгiнге жеткенi Ақылбай тармағы ғана. Ақылбайдың Әлiмқұлынан туған Бағыфұр да қуғын-сүргiнге ұшыраған. Оның немересi Данияр Айдарұлы 2011 жылы Азаттыққа берген сұхбатында былай дедi:

- Менiң атам Бағыфұр сол кездегi "ережеге сай" саяси тұр­ғыда айыпталып, репрессияға ұшырап, сталиндiк лагерьлерде отырған. Әкем кiшкентай кезiнде атаммен бiрге Алматыда келе жатса, оларға қарай ақ түстi салтанатты киiм киген милиционер беттейдi. Оның формасы НКВД-ның киiмiне ұқсайды екен. Сонда атамның "инстинкi оянып", ұлын жетектеген күйi  көшенiң арғы бетiне өтiп кетiптi.

Осыны айтқан Даниярдың әкесi Айдар қазiр Маңғыстау облысында мұнай саласында жұмыс iстейдi. Данияр Алматыда тұрады.
Ға­зал Жағыпарқызы көзi тiрiсiнде Азаттық тiлшiсiне мына деректердi айтқан болатын: Әлiмқұлдың баласы Бағыфұрдан Айдардан басқа Эрнест пен Бауэр туады. Бауэрден бала жоқ. Ал Эрнестен қалған Айдостың қайда жүргенiн әзiрге ешкiм бiлмейдi.

Ишағы Жағыпарқызының ай­туын­ша, сексенiншi жылдардың iшiнде Украинада әскерде болған Айдос әскерден келген соң, қайтадан сол жаққа көшiп кеткен. Содан берi хабар-ошар жоқ. Аз­ат­тық радиосы осы ретте Айдос Ақылбаев туралы Қазақстанның Украина­дағы елшiлiгiне сұрау салды. Консулдық оның соңғы тұрған адресi табылса, Украина жағымен бiр­лесiп iздейтiнiн айтып, жауап берген. Алайда Айдостың соңғы адресiн туыстары бiлмейтiн болып шықты. Данияр Ақылбаев та туысына интернет арқылы iздеу салғанымен, әзiрге таппаған. Ол Азаттық тiлшiсiне Айдоспен әскерде бiрге болған қызметтесiн ғана тапқанын айтты. - Ол кiсi Айдосты Кривой Рогта көргенiн, ендi көрсе, хабарласатынын айтқанымен, әзiрге жауап болмай тұр, - дедi Данияр.
Туыстарының айтуынша, Айдос Ақылбаев авиация саласында жұмыс iстеген. Ақылбайдың тағы бiр ұлы Әубәкiр туралы Қайым Мұхаметханов былай деп жазады:  "Бүлiнiп жатқан өз елiнде тұра алмайтын халге жеткен Әубәкiр 1931 жылы бас сауғалап Үржар ауданына кетедi". Ол кейiн Шымкентке барып,  1934 жылы 53 жасында қайтыс болған. Оның Ғабдiсәлам, Әлихан деген екi ұлы майданда қаза тапты деген Қайым Мұхаметханов "Әубәкiрден қалған ұрпақ жоқ" деп жазады.Ақылбайдың тағы бiр баласы Исраилды Ишағы Жағыпарқызы Семей полигонындағы жарылыс салдарынан дүниеден озды дейдi.

- Көзi көрмей қалды. Полигонда сынақ жүрiп жатқан кезде қайтыс болды, - дейдi Ишағы Жағыпар­қызы. Балтабек Ерсәлiмұлының жазуынша, Исраил "iшкi жақта ұзақ жыл қашып жүрiп, тек бертiнде заман түзелгенде елге оралған". 1959 жылы дүние салған Исраил туралы шежiрешi Молдабек Жанболатов оның Жидебайдағы Абай мұражайында жұмыс iстегендiгiн айтса, Ишағы апа Исраил "композитор" едi дейдi. Исраилдың екi қызы бар. - Қыздарының өзi сексеннiң iшiне кiрдi. Исраил домбыра, скрипка тартып, ән айтатын, - дейдi Молдабек Жанболатов.
Жидебайдағы Абай мұражайының меңгерушiсi  Қайыржан Күзембаев "хабарласып тұрады" деген Күлзипа апа - осы Исраилдiң қызы.
Мәкен Тұрағұлқызы мен Ишағы Жағыпарқызының жазуынша, Абайдың екi әйелiнен Ақылбай, Әкiмбай, Әбдiрахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайiл, Iзкайiл деген ұлдары, Райхан, Гүлбадан, Кенжеш деген қыздары болған. Әкiмбай жетi жасында қайтқан. Ақылбай мен Мағауия әкесiмен бiр жылы - 1904 жылы қайтыс болған. Әбдiрахман 1895 жылы дүниеден озса, қалған ұлдары отызыншы жылдары қуғын-сүргiн кезiнде әртүрлi жағдайда опат болған. Райхан ертерек, Гүлбадан 1932 жылы бақилық болған. Кенжеш туралы айтылмайды. Әбдiрахманның қыздан тараған ұрпағы бар.

Қадiрлi оқырман, екi мақала да қатты қысқарып кеттi. Абайдың бұрыннан белгiлi ұрпақтары туралы мәлiметтер алынып тас­талды. Бұл шыққаны - мақаланың екiншi жартысы. Толық нұсқаларын azattyq.org сайтынан оқып, пiкiр бiлдiре аласыз.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір