Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 2101 8 пікір 23 Қараша, 2021 сағат 21:05

Ерлан Саиров: "Ұрпақтар сабақтастығы" принципі жүзеге асуда

Nur Otan партиясында "ұрпақтар сабақтастығы" принципі іс-жүзіне асуда. Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партия Төрағасы лауазымын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беретіндігін мәлімдеді.

Лауазымды тапсыру Nur Otan партиясының уставына сәйкес іске асырылады.

Елімізде толыққанды саяси трансформация жүзеге асырылуда.
Билеуші партияның төрағалығына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік 30- жылдығы қарсаңында келуінің де символикалық мән- мағынасы зор!

Еліміздің дамуының келесі кезеңінің диалектикасы қалыптасуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келесі ұрпаққа “Елдіктің жеті тұғыры” бағдарламасын ұсынды.

"Тәуелсіздікті сақтау" басты құндылық, басымды міндет екендігін жеткізді.
Мемлекетте бірте-бірте, эволюциялық өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі қым-қиғашы көп заманда осындай ойланып жасалған, салмақты қадамдар дұрыс екендігі Һақ!

Ерлан Саиров 

Abai.kz

 

8 пікір