Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 1555 3 пікір 22 Қараша, 2021 сағат 19:16

Еуропарламент депутаты Қазақстанның рөлі жаһандық деңгейде де өте маңызды екенін айтты

Еуропалық Парламент депутаты, «Еуропалық Одақ – Қазақстан Республикасы» парламенттік ынтымақтастық тобының жетекшісі Рышард Чарнецкий және Словак Республикасы Ұлттық кеңесі Сыртқы істер комитетінің төрағасы Мариан Кери Қазақстанның соңғы 3 онжылдықтағы рөлі Орталық Азияда ғана емес, жаһандық деңгейде де өте маңызды екенін айтты.

Рышард Чарнецкий Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа, республикадағы тұрақтылыққа қол жеткізу жөніндегі өз көзқарасы бар екенін алға тартып:

- Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік, тұрақтылық орнату жөнінде нақты бағдарламалар, жобалар ұсынып, Қазақстанның жаһандық деңгейде лайықты орнын қамтамасыз етті. Бұл ең алдымен, оның бейбітшілік құру жөніндегі бастамалары. Осының арқасында бүкіл әлем Қазақстанның әлеуеті қандай екенін білді, - деді Еуропарламент депутаты.

Сонымен қатар, Словак Республикасы Ұлттық кеңесі Сыртқы істер комитетінің төрағасы Мариан Кери Қазақстанның жетістігі Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  басшылығымен байланысты екені айтты.

М.Кери атап өткендей, Тұңғыш Президент жаңа Қазақстанды құрған заманауи жаһандық саясаттағы тұлғалардың бірі. Ол ұлттың жасампаз әлеуетін шоғырландырып, болашаққа деген қуатты серпіліске қоғамды жұмылдыра алды.

Сондай-ақ, өскелең Н.Назарбаевтың ұрпақ егемендік негіздерін жасау, тиімді экономика құру, үйлесімді қоғам қалыптастыру және тарихтың жаңа кезеңінде елдің даму стратегиясын айқындау мен іске асыру жөніндегі еңбегін әрқашан бағалайтынына сенімді екен айтты.

Словакия Парламенті комитеті төрағасының пікірінше, бүгінде Қазақстан-Орталық Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан ел. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты Қазақстанның жаһандық және өңірлік бастамалары әлемдік қоғамдастықта қолдау тауып келеді.

М.Кери 30 жыл бұрын Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ядролық полигонды жауып, кейіннен әлемдегі 4-ші ядролық әлеуеттен бас тартып, ядролық қарусыз әлем үшін берік күрескер екенін ерекше атап өтті.

Abai.kz

3 пікір