Жұма, 26 Сәуір 2024
2560 2 пікір 22 Қараша, 2021 сағат 11:42

Алматы облысында су қоймасы жарылды

Алматы облысында Книжевск су қоймасы бөгеті жарылды. 21 қараша күні сағат 23:13-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Мыңбаев ауылының маңында Книжевск су қоймасы бөгетінің жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен тұрғын үйлерді су басу, Мыңбаев – Қасымбек аудандық маңызы бар тас жолды су алу фактілері тіркелмеді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері көлік қозғалысын шектеу үшін бекеттер орнатқан.

Жедел шаралар нәтижесінде судың көлемі азаюда. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы бастаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс жасауда.

Abai.kz

2 пікір