Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 2976 3 пікір 18 Қараша, 2021 сағат 18:01

Депутат: Үкімет әлі бейқам отыр...

Сенаторлар үш жылдық бюджетте елдің қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіретін негізгі мәселені атады. 

Депутат Ольга Перепечинаның айтуынша, алдағы бес жылда мемлекеттің сыртқы қарызы екі есеге өседі деген болжам бар. 2022 жылы оның ішкі жалпы өнімге шаққандағы көрсеткіші небәрі 0,3 процентке төмендеп, 31,3 процентті құрайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«Дегенмен үкімет мұны қауіп ретінде қарастырып отырған жоқ. Себебі ұлттық жоспарда мемлекеттік қарыздың ішкі жалпы өнімге шаққандағы көлемі 50 процентке дейін көтерілді. Бірақ экономикамыз әлі күнге дейін шикізатқа тәуелді. Сыртқы нарықтардың құбылмалы болуы тағы бар. Әлемдік экономика тұрақты емес. Бұның барлығы кері әсерін тигізуі мүмкін», – деді Перепечина сенаттың жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, қосымша шығындар болса, сыртқы қарызды төлеу қиын. Қазір оған 958 миллиард теңге жұмсалса, 2024 жылға дейін 1,5 триллион теңге кетеді. Үкімет қарызын өтеуге де біраз ақша жұмсалады. Келесіде оған кететін ақшаның көлемі 15 проценттік лимиттен асып, 22,8 процентке дейін жетеді.

«Бұдан бөлек, мемлекеттік емес займдарды өтеуге кететін қаржының көлемі 5 есеге өсіп отыр. Борышкерлердің жағдайы қиындаса, бюджетке салмақ түседі», – деп атап көрсетті Перепечина.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1562
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1446
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1192
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1183