Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2559 0 пікір 13 Шілде, 2012 сағат 10:30

Глубокое ауданында жаңа аурухананың құрылысы басталды

Глубокое кентінде аудандық жаңа аурухана ғимаратының негізіне 150-ден астам тіреуіш-діңгек қағылды. Жаңа нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Дегенмен, «Құмаров және К» құрылыс компаниясының директоры Манарбек Құмаровтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта нысанның геологиялық орналасуына қатысты мәселелер бар.

«16 метрлік тіреуіш-діңгектерді орнату жұмыстары жоспарланған болатын. Бірақ іс жүзінде оларды 20-21 метр тереңдікке дейін қағу керек болып шықты. Өкінішке қарай, бұндай тіреуіштер қолымызда жоқ», - деді М. Құмаров.

М. Құмаров атап өткендей, нысанға Астанадан әкелінген мамандандырылған техника тартылды. Құрылыс материалдары сатып алынды, жұмыс кесте бойынша, кешігусіз жүзеге асырылуда. «Қазіргі уақытта нысанда 60 адам жұмыс істейді. Күн сайын техникалық және авторлық бақылау, құрылыс басқармасының өкілдері мен геодезистер жұмысты қадағалауда», - деді мердігер.

Алайда, облыс әкімі Б. Сапарбаевтың пікірінше, жұмыстар әлсіз ұйымдастырылған.

«Компания құрылысты жүргізіп жатқанына 1 ай болды, алайда, істелген жұмыс көлемі көңіл көншітпейді», - деді ол.

Айта кетейік, Глубокое кентінде бой көтеріп жатқан 100 орындық аудандық орталық аурухана ескі ғимараттың апатты жағдайда тұрғанына байланысты салынуда. Ескі ғимаратта сызат түскеннен кейін, осы жылдың көктемінде барлық емделушілер тезарада қауіпсіз аймаққа көшірілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1300
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1173
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 911
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1035