Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2167 1 пікір 9 Қараша, 2021 сағат 13:37

Студенттер олимпиадасында үздіктер анықталды

Алматы қаласында Satbayev University оқу орнының қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жоғары оқу орындарының арасындағы III студенттік олимпиада болып өтті.

Олимпиада "Электротехникалық және электрондық үрдістер — экономиканы цифрландырудың негізі" деген тақырып аясында болды. Оған еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарынан келген 45 студент қатысты.

Екі күндік сайыс барысында студенттер Ақпараттық жүйелер мен радиотехника, электроника және телекоммуникация бойынша жоғары теориялық білім мен практикалық дағдыларын көрсетті.

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" демекші, аталған олимпиадада шын дарындар оза шауып, бәйге алды. Бірінші орынды Қаныш Сәтбаев атындағы университеттің студенттері иеленсе, екінші орын Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттеріне бұйырды. Ал, ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары 3 орын алды.

Біздің елімізде цифрландыру және ақпараттық технологияларды дамыту қызу жүріп жатқан кезеңде полиция оқу орындарының да ақпараттық технология, радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандарын дайындап жатқаны көңілге куаныш ұялатады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1529
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1392
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1157