Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3752 1 пікір 9 Қараша, 2021 сағат 11:42

Ресей Қазақстанға жалға алған жерін қайтарды

Ресей Қазақстаннан жалға алған Атырау облысындағы жердің негізгі бөлігі алдағы уақытта мемлекет қорына қайтарылады.Тиісті заң күшіне енді. Жергілікті тұрғындардың ауылшаруашылық алқаптарын қайтадан пайдалануына қатысты ережелерді нақтылау жұмыстары ғана қалып отыр. 

Атырау облысының Қызылқоға ауданында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі 25 жылға 750 мың гектарға жуық жерді жалға алған. Онда жиырмадан астам жарылыстар жасалған, алайда полигон көптен бері пайдаланылмаған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Тайсойған полигоны жерлерінің бір бөлігін қайта бөлуге қатысты пікір білдірді.

Депутаттардың сауалына сәйкес, онда жер асты суларының үлкен қоры орналасқан. «2016 жылғы 22 ақпанда сынақ алаңдарын пайдалану және жалға беру туралы келісім ратификацияланды. Келісімге сәйкес, бұған дейін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі жалға алған Тайсойған мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының (ГЛИТС) №929 солтүстік бөлігі Қазақстанның құзырына өтті. Атырау облысының Қызылқоға ауданында ресейлік әскерилердің жалға алған 749,6 мың гектар жері болды», - деді Роман Скляр. Нәтижесінде, 624,6 мың гектар жер (83,3%) қайтарылған.

Атырау облысындағы Тайсойған әскери полигонының жерлері Қазақстанға қайтарылғаннан кейін екі жыл бойы топырақ пен суда зиянды заттардың бар-жоғын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша қайтарылған 624,6 мың гектар жер экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығына жарамды екені белгілі болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1528
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1385
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1134
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1154