Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2201 0 пікір 9 Қараша, 2021 сағат 10:35

Арменияда Пашинянға қарсы қозғалыс құрылды

Ереванның орталығында «Армения» блогы жалпыұлттық қарсылық қозғалысының басталғанын жариялады. Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян бастаған саяси бірігудің ауқымды шарасы 2020 жылдың күзінде Қарабақтағы соғыстың аяқталғанының бір жылдығына орайластырылған. Акция бір минут үнсіздікпен басталды. Қатысушылар 44 күнге созылған соғыста қаза тапқандарды еске алды.

Парламент спикерінің орынбасары, «Армения» фракциясының депутаты, «Дашнакцутюн» Жоғарғы органының өкілі Ишхан Сагателян жиналғандарға күрес ұзаққа созылатынын, «Армения» блогының штаб-пәтері барлық аймақтарда ашылатынын айтты. Ол кез келген армянның ұлттық қозғалысқа мүше бола алатынын да жасырмады. Жақын арада штабтың мекен-жайлары туралы толық ақпаратты таратамыз деп отыр.

Қозғалыс ішкі және сыртқы деп екіге бөлініп, ел ішінде және шетелде жұмыс істемек. Мақсаты Пашинян билігін тақтан тайдыру.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1964
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2300
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1885
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1555