Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2376 4 пікір 3 Қараша, 2021 сағат 16:49

Экономика министрі: Азық-түлікке айына 60 мың жұмсаймын

Қазақстанның экономика министрі Әсет Ырғалиев журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол ай сайын азық-түлікке қанша қаржы жұмсайтынын да айта кетті. 

"Бағаның өсуіне келсек, маусымдық баға өсу бар, барлығымыз білетіндей желтоқсанда мейрамдар болады, азық-түлікке баға өседі. Барлығымыз Жаңа Жылға дайындаламыз, баға өсе бастайды. Ең бірінші азық-түлік қымбаттайды", – деді ол.

Министр отбасына азық-түлік алу үшін айына 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтты.  "Барлық адам сияқты нан, сүт, қант сатып аламыз. Бұл жерде не айтуға болады? Біздің отбасымыз барлық адамның отбасы сияқты", – дейді министр.

Abai.kz

4 пікір