Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2423 0 пікір 13 Шілде, 2012 сағат 12:39

Шетелдіктерге шектеу қайда?

13.07.12.
Мыңтеке мұнай кен орнында көші-қон полициясының қызметкерлері ешқандай құжатсыз жұмыс істеген қытайлықтарды анықтады. Ақтөбе облысы арқылы келген «қонақтар» көп ұзамай, Атырау өңіріне келіп жеткен. Тіпті, олар Исатай ауданы аумағындағы Мыңтеке кен орнына қызметке тұрған. Құлқындарын табыс көзі тескен қытайлықтар жергілікті жердің көші-қон полициясына барып тіркелу керектігін де «естен» шығарып алған.

Тіпті, көші-қон полициясы оларды анықтаған кезде, қытайлықтардың жұмыс жасауға рұқсаты тұрмақ, олардың жеке бастарын куәландыратын төл құжаттары да болмай шықты.
Атырау ОІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, Қытай елінің 21 азаматы «Синопек» компаниясында қызмет етіп келген. Қазіргі күні олар уақытша қабылдау-бөлу орнына қамалды. Олардың ендігі тағдырын сот шешетін болады.
Жалпы, бұл мұнайлы өңірдегі шетел­діктер тарапынан болып отырған өрескел заң бұзушылықтың бірі ғана емес. Жыл басынан бері Солтүстік Каспий жобасы бойынша Қарабатандағы зауыт құрылысында еліміздің заңын белден басып, жұмыс істеп жүрген 340 шетелдік азамат анықталды. Табыс табуды мақсат еткендер Ресейді айтпағанда, Италия
мен Үндістаннан келіпті.

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1536
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1402
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1150
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1161