Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2841 0 пікір 13 Шілде, 2012 сағат 02:08

Таусамалда тығылған терроризм

Таусамалда тығылған терроризм немесе өрт болмаса, не болар еді?

Терроризм төндірген қауіптің беті қайтар емес. Тіпті жиілеп бара жатқандай. Ақтөбедегі атыстың ізі суымай жатып, Алматының тап іргесіндегі Таусамалы кентінен терроризмнің табы табылды.

Бас прокуратура: «2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы кенті, Сейфуллин көшесі, 98-үй мекен-жайында өрт болды, өрттің алаңы 100 шаршы метрді құрады.

Өрт орнында сегіз адамның, оның ішінде төрт баланың өртенген мүрделері табылды.

Жедел-тергеу тобы оқиға болған жерді қарауды кеше бастап, бүгін жалғастырды, оның барысында үйдің гаражынан атыс қаруы және оған оқ-дәрілер, полицейлік киім-кешек және діни әдебиет табылды.

Бұл факт бойынша Алматы облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 24-бабының 1-бөлігімен - 233-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен (терроризмге дайындалу) қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті сот сараптамалары тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, қаза болғандардың жеке бастары анықталуда, сондай-ақ табылған атыс қаруының, оған оқ-дәрілердің, полицейлік киім-кешектің пайда болу көздері тексерілуде».

Ал, «Азаттық» радиосы Алматы облысы ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып, тергеу ісінің ҰҚК-не берілгенін жазады. Бірақ, ҰҚК-нің жұмысына президенттің көңілі толмайды. Кеше Президент Назарбаев терроризм және экстремизммен күресі мәселелері бойынша өткен жиналыс барысында (http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/9571252/?frommail=1): «Біз, радикалды экстремистік элементтер мемлекетке және бүкіл қоғамға кең көлемді қысым жасап отырғандығын мойындауымыз керек. Адамдар құқық қорғау органдарының осындай қылмыстарды залалсыздандыруға қауқарсыз болып отырғанына наразы. Кәсибиліктің жоқтығынан құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза табуда. Тыңғылықты жұмыс жүргізілмеуі себепті біз қылмыстың алдын ала жолын кесе алмай отырмыз. Құқық қорғау органдарының, әсіресе, ҰҚК-нің жұмысына Президент және Конституцияның кепілі ретінде менің көңілім толмайды. Біздің жасап, жұмсап жатқан күш-әрекетіміздің тиімділігі жеткіліксіз. Кеше Алматы облысы, Қарасай ауданында жарылыс болып, адамдар өлді. Алдын- ала мәліметтерге қарағанда, оқиға орнында үлкен қару-жарақ қоры және жарылғыш зат табылған», дей келіп президент ҰҚК-і мен өзгеде құқық қорғау органдары басшыларына терроризм және экстремизммен күресі мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар беріпті.

Таусамалындағы террористтер тығылған үйден өрт шықпағанда күніміз не болар еді? Ойлаудың өзі қорқынышты. Сақшыдан сенім кеткелі не заман. Ұлтымыздың қауіпсіздігін күзетеді деп сеніп жүрген атышулы мекемеде өрт болмаса, тығылған террористтерді табар ма еді? Мына түрлерімен, әй, қайдам. Осының ойласаң, Президенттің ренжитін жөні бар.

Алайда, терроризм және экстремизмге қарсы күрес қаншса күшейсе де, елдің жүрегіне ұйлыққан үрейді сейілте ала ма?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1356
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1195
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 941
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1045