Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3670 0 пікір 29 Қазан, 2021 сағат 15:22

Өзбекстанға 133 млн долларға телефон импортталған

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан 133,2 миллион АҚШ долларының тауарын импорттаған. 

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, жылдың алғашқы үш тоқсанында Өзбекстанға әкелінген ұялы телефондардың жалпы құны 133,2 миллион долларды құрады. Телефондар әлемнің 13 елінен әкелінген.

Биылғы жылдың 8 айында Өзбекстан 1,6 миллион телефон импорттағанын ескерсек, тек қыркүйек айында ғана 300 мың телефон импортталған. Ұялы телефондардың басым бөлігі Қытай (69,6 миллион доллар) мен Вьетнамда (49,6 миллион доллар) сатып алынған.

Өзбекстанға телефон экспорттайтын елдердің қатарында Үндістан, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Ресей және Оңтүстік Корея бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1559
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1441
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1181