Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2939 0 пікір 10 Шілде, 2012 сағат 11:55

Алаштың киноиндустриясы

Аударма нұсқа жылы қабылдануда...

Бірақ одан отандық мультипликация саласы жандана ма?

Әлемдік классиканың көш басында озық тұрған кинотуындылардың қазақ тіліне тәржімаланып, қазақстандық кинотеатрлардан көрсетіле бастағанына біраз уақыт болды.

 

«Меломан» дүкендер желісінің хабарлауынша, «Қара киімділер-3»-тің орыстілді нұсқасы қазақстандық прокатта 200 миллион теңге жинаған. Бұл фильмнің мемлекеттік тілдегі нұсқасынан 70 есе көп болып отыр. Қазақ тілінде сөйлеген кинофильм прокат барысында небары 2,9 миллион теңгеге жуық пайда әкеліпті. «Меломан» желісінің мәліметінше, "Қара киiмдiлер-3»-тің үшінші апталық жинақтық көрсеткіші нөлге теңелген.

*****

21 -24 маусым көрсеткіші бойынша қазақстандық кинотеатрлар желісінде «Батыл жүрек» анимациялық фильмі көш бастап тұр. «Меломан» сауда желісінің соңғы нәтижесі бойынша, аталмыш фильмнің жалпы табысы 38 997 383 теңгені құрапты, қазақ тіліндегі нұсқасынан - 617 180 теңге түскен.

 

 

Аударма нұсқа жылы қабылдануда...

Бірақ одан отандық мультипликация саласы жандана ма?

Әлемдік классиканың көш басында озық тұрған кинотуындылардың қазақ тіліне тәржімаланып, қазақстандық кинотеатрлардан көрсетіле бастағанына біраз уақыт болды.

 

«Меломан» дүкендер желісінің хабарлауынша, «Қара киімділер-3»-тің орыстілді нұсқасы қазақстандық прокатта 200 миллион теңге жинаған. Бұл фильмнің мемлекеттік тілдегі нұсқасынан 70 есе көп болып отыр. Қазақ тілінде сөйлеген кинофильм прокат барысында небары 2,9 миллион теңгеге жуық пайда әкеліпті. «Меломан» желісінің мәліметінше, "Қара киiмдiлер-3»-тің үшінші апталық жинақтық көрсеткіші нөлге теңелген.

*****

21 -24 маусым көрсеткіші бойынша қазақстандық кинотеатрлар желісінде «Батыл жүрек» анимациялық фильмі көш бастап тұр. «Меломан» сауда желісінің соңғы нәтижесі бойынша, аталмыш фильмнің жалпы табысы 38 997 383 теңгені құрапты, қазақ тіліндегі нұсқасынан - 617 180 теңге түскен.

 

 

«Көліктер-2-ден» басталып, «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа өр­мекші адам» секілді анимациялық, блокбастер фильм­дер­ді көрер­меннің жылы қабылдауы отандық кинотеатрлар жүйе­сінің жұмысын жан­дандырды деуге бола ма? Қазақ көрермені «Көліктердің» көрігін қыздырып, «Батыл жүректің» батыл қадам­дарына тәнті бола бастады. Бүкіл ғаламшарды құтқарғысы келетін Агент Джейге (Қара киімділер-3) немесе әділетті «Өр­мекші адам» мен «Джеймс Бондтың» (жоспарланып отырған аударма фильм) өз тілінде сөйлей бастағанын жылы қабылдаған көрермен үшін тілек­ші - отандық мультипликация саласы да бұл бастамаға қуана қол соғуда.

«Қазақфильм» киностудиясының басшылығы болса, талайдан бері «қазақ­стандық кішкентай көрермендерді үйіріп алып кететін қазақ ертегі­лерінің кейіпкерлері іздестіріліп жатыр, толықметражды анимациялық «Ер Төстік» өндірісте» деумен жүр. Бұл біздің анимациялық саланың алдағы уақытта да Голливуд шедеврлеріне тамсана қол соғумен жүретінін көрсетеді. Walt Disney-дің мультфильмдері онсыз да бізге көзімізді тырнап ашқаннан бері белгілі. Қазіргі буында Том мен Джерри немесе найзағай Маккуиннің не айтқанын аудармасыз-ақ қағып алады. Ендеше, Джерри тышқанға жете алмай тілі салақтаған Томның тонын енді ел күтіп жүрген «Ер Төстіктің» қанша уақыт киетіні белгісіз. Дегенмен аталмыш жобаның болашағына сенетіндер көп. Бұл кинотуындылардың мемлекеттік тілде сөйлеуіне, негізінен, мұрындық болып отырған «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбектің айтуынша, әлемдік шедеврлердің қазақ­стандық кинотеатрларда мемлекеттік тілде сөйлеуі - орасан зор табыс әкелетін жоба. Әр фильмнің дыбысталуына шамамен 17-20 млн теңгенің үстінде қаржы жұмсалып жатқанын алға тартушылар көрерменге атақты Walt Disney-дің көрерменнің көңіліне мейірімі мен жылылық сыйлайтын танымал туындыларының танымдық және ағарту­шылық бағыттары басым екенін де айтысуда. «Қазір Голливуд өніміне тең келер фильм жоқтың қасы, тек қана «Жаңа өрмекші адам» фильмінің өзіне 215 млн доллар жұмсалды, бұл - ең озық технологиялар қолда­нылған өнім. Біз қазақ тілінің осындай озық технологиялармен бай­ланысты болғанын қалаймыз, сонда оған деген қызығушылық та жоғары болады. Яғни батыстың стандарттары мен өнімі арқылы өзіміздің мәдениетіміз бен тілімізді дамытқымыз келеді» - дейді «Болашақ» қауымдастығы кеңе­сінің төрағасы Бауыржан Байбек.

Аналық сезімді байқадым

«Батыл жүрек» - кез келген жастағы көрермендерге бағытталған туынды. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты суретшілер талантымен, композитордың сәтті тректерімен өріп ұсынған режиссер Бренда Чепмэн адам сүйсінтер фильм түсірген екен.

«Батыл жүрек» бұрындары біз көрген пиксарлық «Валл-и», «Жоғары» секілді драмалық нюанстарға баса мән берген туындыларға ұқсамайды, мұнда әлдебір бала мінездік, ертегілік басым. Бұл қасиет фильмді кішкентай аудиторияның жеңіл қабылдауына мүмкіндік береді. Экшн-кадрлардың көп болуы, ашық түстердің кеңінен қолданылуы, детальдардың барын­ша анық көрсетілуі, қала-орман, күн мен түн ауысы­мының сәтті берілуі прокатта фильм қоржынын қампайтар қосымша себептер болса керек.

Фильм әзілдері жаңашылдығымен таңғалдыр­майды, бірақ кейіпкерлердің қылық-тұрыстары мен кейіп-қимылдары күлмесіңе қоймайды.

Режиссер Чепмэн фильм жасау барысында аға­йын­ды Гриммдер мен Ганс Христиан Андерсеннің ер­те­гілеріне және қызына деген махаббатқа сүйенгенін айтады. Көрермен ретінде өзім «Батыл жүректен» аталған авторлардың шығармаларында кездесетін сиқыр мен маманның аналық сезімін анық бай­қадым.

Дінмұхамед ЗИЯДИН

 

Болат ӘБДІЛМАНОВ, актер: Актер еңбегі бағалана бастады

Болат Әбділманов - театрда да, кинода да өзіндік қабілет-қарымымен, табиғи талантымен көрерменнің көңіліне жол тапқан әртіс. «Кино - таза шығармашы­лық адамына арналған алаң, сондықтан еркін кеңістік­ті таңдадым. Мен үнемі үлкен ізденіс үстінде жүруді қалайтын актермін» дейтін Болат Әбділмановтың кино төңірегіндегі әңгімесі былайша өрбіді...

«Орынбайым - бір төбе...»

- Театрда жүргенде мен он шақты киноға түстім. Театрдан кеткелі бергі алты жылда 20 киноға түсіппін. Оның ішінде «Қош бол, Гүлсары!», «Біржан сал», «Афалинаның секірісі», «Жерұйық», «Махамбет», «Жаужүрек мың бала» секілді көркем фильмдер, «Крестная дочка», «Ағайындылар», «Астана - арман қала» тәрізді сериалдар бар. «Тоғыз ұлым бір төбе, Ер Төстігім бір төбе» демекші, осы кинолардағы барлық бейнелерім бір төбе де, маған образы арнайы лайықталып жазылған «Жерұйық» фильміндегі Орынбай ақсақалым - бір төбе.

«Біздің киноның дәуірі келгендей»

- Осы саланың ішінде жүрген маман ретінде қазақ киносы кеңестік кезеңде де бұлай дәуірлеген жоқ болатын Қазір біздің киноның дәурені келгендей дер едім. Жыл сайын киноға қомақты қаржы бөлініп, бұл салаға ерекше мән берілуде. Жас режиссерлер мен тәжірибелі мамандарымыздың еңбектері көптеген халықаралық фестивальдерге жол тартып, жүлделі оралуда. Одан бөлек, ең бастысы, қазақ көрермені өз киносына қайта оралды. Оған соңғы түсірілген «Жаужүрек мың бала» киносы дәлел. Бірақ бұл қазақ киносының бар мүмкіндігін көрсететін шың емес. Біздің киномыздың алар асуы алда.

«Моңғолияның актерлерінен төрт-бес есе жоғары қаламақы алдық»

- Актерлік өнер - қазақтың қанында бар қасиет. Ол - тумысынан сезім­тал, жүрегі ән салып тұратын халық. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ актерлері әлем актерлерінен озық. Ешкімнен кем емес, керісінше көп артықшылыққа ие. Кеңес Одағы кезінде шетелдік режиссерлер біздің актерлерге қызығып, киноға тартатын. Бұл - шығармашылық тұрғыдағы баға.

Құдайға шүкір, қазір қазақ актерлерінің кинодағы ойыны да мате­риалдық жағынан төмен бағаланып жүрген жоқ. Мен өзім театрдан алғаш киноға ауысқандағы алған қаламақым мен қазіргі соңғы образымдағы қаламақымды салыстырып айтсам, арасы жер мен көктей. Бізге продюсерлер қаламақымыздың мөлшерін жария етуге тыйым салған, дегенмен салыс­тырмалы тұрғыда айтар болсам, актер еңбегі дұрыс бағаланатын дәрежеге жете бастадық. Мәселен, соңғы түскен фильмдердің бірі «Жаужүрек мың бала» десек, оған шетелден, Моңғолиядан да әртістер келді. Біздің күндік қаламақымыз олардан төрт-бес есе жоғары болды. Яғни біз өз жерімізде жүрміз. Біздің бағамыз олардан артық. Бұл баяғыдан осылай болуы керек нәрсе еді. Қазір біздің қаламақымыз Ресейдің әртістерімен салыстыруға болатын дәрежеге жетіп қалды.

«Ұлттың батырларын сол ұлттың балалары ғана ойнай алады»

- Осыдан біраз жыл бұрын киноға шетелден актер шақырып қатыстыру сәнге айналған болатын. Мен оны режиссерлердің таяздығынан дер едім. Жұтаң сценариймен жақсы кино шығара алмасын сезеді де, «ең болмаса беті жылтыр шетелдің осы актерін көрсету арқылы киноны танымал етейін» деген мақсат қояды. Бұл қатты шатасу дер едім. Көрермен соларды қабылдап жатыр ма? Жоқ, бәрібір қабылдай алмайды. Америкалық әртістің атқа отырғанын елестетіңізші, есектің үстінде жүргендей әсер береді. Не үстіндегі шапаны жараспайды. Ұлттың батырларын тек сол ұлттың балалары ғана ойнай алады. Мұстафа Шоқайды, мысалы, қырғыз әртісі ойнады. Сол бейне халыққа жетті деп айта аламыз ба? Айта алмаймыз. Өйткені ол Мұстафаның кім екенін сценарийді оқыған кезде ғана білді. Мұндай шешімнің қате екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді.

«Актердің ізденісі маңызды»

- Салыстырмалы түрде алғанда сериалдың ақшасы аздау болады. Бірақ актер ол жерде де рөл алар кезде екі нәрсеге көңіл бөледі. Біріншісі, сомдайтын бейнесінің қызықтылығы, жанына жақындығы. Егер бейне ұнап жатса, актерді кейде материалдық жағы аса қызықтырмайды. Кейде сериалдағы эпизодтық қана, елеусіз рөлге түсуі мүмкін. Бірақ актердің салмағына қарай режиссер оған қомақты қаржы ұсынатын кездер болады. Актерлік өзі - Құдайдан келетін қабілет. Оның көрермен жүрегіне жол табуы актердің еңбегі мен ізденісіне байланысты дүние.

Құралай Голливудта мультфильм түсірмек

Белгілі дизайнер және модельер Құралай Нұрқаді­лова ұсынған мультфильм идеясына режиссер Тимур Бекмамбетов қызығушылық танытып отыр. Өзінің айтуынша, Құралайдың мультипликатор болсам деген көптен бергі арманы орындалуға жақын көрінеді.

Мультфильмді экшн жанрында Голливудта түсіру жоспарлануда. Оқиға желісі қазірдің өзінде ойластырылып қойылған, бірақ дизайнер оны әзірге құпия ұстауды жөн көруде. Алайда оны комикс түріндегі сериялы жалғасы бар мульт­фильмге айналдырғысы келетінін, соған байланысты түрлі ойыншықтар мен қуыршақт­ар­дың шығарылғанын қалайтынын жасырмайды.

 

Үндістан «Аққызды» асыға күтуде

Жәнібек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі ХІІ sian's-Cinefan кинофестиваліне шақырту алды. Үндістанның Нью-Дели қаласында 27 шілде - 5 тамыз аралығында өтетін бұл шараға Үнді, Азия және Араб елдерінің кинотуындылары қатысып, өзара бақ сынасады.

«Аққыз» - қазақ халқының дүниенің пайда болуы жөніндегі мифологиялық көзқарасына негізделген фильм. Фильмде мифоло­гиялық, фило­со­­фиялық дүние өте көп. Мысалы, Қ.Тастанбеков қария бейнесімен қатар, қазақтың аңыз-әдебие­тіндегі Қорқытата, Асанқайғы, Қарлығаш­бидің рө­лін алып шығады. Осы кейіпкер арқылы фильм­нің бүкіл ойы мен мағынасы жеткізілгендей болады. Фильм Қапшағай көлінің жағасында түсіріл­ген.

«Әке парызы» өндіріске жол тартты

Қазақ кино әлемі тағы бір туындымен толықпақ. 3TA Pictures компаниясы «Әке парызы» деген бастапқы атпен жаңа жобаны қолға алды. «Қазақстан» ұлттық телерадиокомпаниясының тапсырысы бойынша түсірілетін телехикая әрқайсысы 45 минуттық 16 бөлімге негізделген.

Бір отбасында болған жайттар төңірегінде өрбитін телехикая маз­мұны отбасы құндылықтары мен ата-ана және бала арасындағы байланыстар барысын баяндамақ. Негізгі шығармашылық құрам қазақ актерлерінен тұрады. Ал техникалық жағын реттейтін операторлар мен дыбыс режиссерлері, компьютерлік графика мамандары түрік елінен шақы­рылмақ. Телехикаяның қоюшы режиссері әрі сценарий авторы - белгілі түрік режиссері Нуреттин Озель. Жаңа жобаға саундтрек ретінде Мұхтар Шахановтың «Әке туралы жыр» өлеңіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің әні алынды.

Бетті дайындаған Шолпан ҚАРАЕВА

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір