Жұма, 26 Сәуір 2024
3779 2 пікір 26 Қазан, 2021 сағат 13:54

Қарағанды Тоқаевтың сапарына 51,7 млн жұмсаған

Қарағанды ​​облысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары үшін  51,7 миллион теңге жұмсаған. Бұл туралы Protenge телеграм каналы мәлімдеді. 

«Ақшаның нақты не үшін жұмсалғаны белгісіз. Мемлекеттік сатып алу сайтында техникалық сипаттама көрсетілмеген.

Олар 51,7 миллионға Мемлекет басшысының «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне жұмыс сапары аясындағы  іс-шараны дайындап, өткізгені белгілі»,- деп жазды олар.

Айта кетейік, 20 қазан күні Президент Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар аясында  ол Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін аралап көрді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің туристік әлеуеті туралы баяндама жасап, Президентке курорттық аймақтар мен тарихи-мәдени кешендерді дамыту жоспарын ұсынды.

Әкімнің жоспары бойынша Ұлытау, Қарқаралы аудандарының, Балқаш қаласының туризм саласындағы әлеуеті артып, сервистік және туристік инфрақұрылымдары дамымақ.

Abai.kz

2 пікір