Жұма, 26 Сәуір 2024
2073 7 пікір 25 Қазан, 2021 сағат 15:33

Өзбекстанда президент сайлауы өтті деп жарияланды

Өзбекстанда президент сайлауы өтті деп жарияланды, сайлаушылардың қатысуы 33 проценттен асты. Осылай деп Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төраға орынбасары Бахром Кучкаров мәлімдеді.

"Электронды жүйенің мәліметі бойынша, күндізгі сағат 11:00 бойынша сайлау учаскелеріне 6 669 552 сайлаушы немесе 33,6 процент тізімдегі адамдар келген", - деді ол.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 8:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Республика бойынша 19,86 миллион сайлаушы тіркелген. Әлемнің 49 елінде шетелде тұратын өзбек азаматтары дауыс беру үшін 55 сайлау учаскесі мен 316 көшпелі бекет ашылды.

ОСК мәліметі бойынша, сайлауға 80,8% сайлаушы қатысқан. Нақты мәлімет 25 қазанда белгілі болады.

Президент сайлауына Өзбекстанда тіркелген бес партия қатысып жатыр. Олар - Экологиялық, "Миллий тикланиш" («Ұлттық жаңғыру»), Либералды-демократиялық партия, Халықтық-демократиялық және "Адолат" («Әділет») партиялары. Қазіргі президенті Шавкат Мирзияев та келесі мерзімге сайлауға түсті.

Abai.kz

7 пікір