Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4112 0 пікір 6 Шілде, 2012 сағат 08:34

Жансая Сыдықбай. "Өмір деген - кедір-бұдыр бір көше"

Қар төменге, мен жоғары самғайын,

Қашан күнге соғылғанша маңдайым.

Бақыт деген осы екен ғой,

өзіңді

Бар сезіну - жаңа туған жандайын.

Аспан жақтан құйылады арлы өлең,

Жұмысы жоқ жоғыңмен де, барменен.

Қала бүгін қайталанбас кейіпте

Еріп ертең кетпесе егер қарменен.

Бұл ақын көбіне мұздай қала мен қарды жырлайды. Сен мына өмірде жасап жүргеніңді білесің, бірақ сол тірі екеніңді кейде бір сәттер селт еткізіп оятады. Сол кезде жалғанның қонағы екеніңді, бүгін бар болғаныңмен бір күні жоқ болатыныңа сенгің келмей, бірақ ол процестен сенің де өтетінің ойыңа сыймай тұрады. Дүниені қимайтындай Жаратушының жарықты соншалық тәтті еткені несі? Әлде жанның тәттілігі жарыққа жармасқыш келе ме?

Жанасың кеп,

Жаның бардай бірнеше,

Әппақ-әппақ сеніміңді қарша атып.

Өмір деген - кедір-бұдыр бір көше,

Мәңгілікке апаратын, шаршатып.

Қар төменге, мен жоғары самғайын,

Қашан күнге соғылғанша маңдайым.

Бақыт деген осы екен ғой,

өзіңді

Бар сезіну - жаңа туған жандайын.

Аспан жақтан құйылады арлы өлең,

Жұмысы жоқ жоғыңмен де, барменен.

Қала бүгін қайталанбас кейіпте

Еріп ертең кетпесе егер қарменен.

Бұл ақын көбіне мұздай қала мен қарды жырлайды. Сен мына өмірде жасап жүргеніңді білесің, бірақ сол тірі екеніңді кейде бір сәттер селт еткізіп оятады. Сол кезде жалғанның қонағы екеніңді, бүгін бар болғаныңмен бір күні жоқ болатыныңа сенгің келмей, бірақ ол процестен сенің де өтетінің ойыңа сыймай тұрады. Дүниені қимайтындай Жаратушының жарықты соншалық тәтті еткені несі? Әлде жанның тәттілігі жарыққа жармасқыш келе ме?

Жанасың кеп,

Жаның бардай бірнеше,

Әппақ-әппақ сеніміңді қарша атып.

Өмір деген - кедір-бұдыр бір көше,

Мәңгілікке апаратын, шаршатып.

Шаршау керек. Бұл да Алланың адамдарға құдіретті сезініп, тани түссін деп берген ырыққа көндірер бір тәсілі. Жаратылыста хикмет те, тылсым да көп. Қалғымасақ, шаршамасақ, түп бастауымыз туралы мүлде ойланбас па ек? Жалпы, поэзияда күйзеліс, шаршау, мән іздеу туралы көп жырланады. Бірақ, дәл осылай көркем суреттеу сирек дүние.

Өмір - осы.

Өкінерміз өтті деп.

Сорқұдықта сен жүрерсің көп түнеп.

Өлең жазам деген кім бар,

Жаздырды

өмір өзі өңменімнен тепкілеп.

Өз халін ұғарлық, өз жайын жетік білерлік деген осы. Жанын жеген ойларды кез келген адам поэзияның ең ұлы биігі көркемдік дейтін кеңістікке жеткізе алмайды.

Қара жер қаптағандай қоламенен,

Ағаштар арасында тоңады өлең.

Бұлт көшкен,

Бу оралып - бұл өмірді

Сүргендей бұрын да бір бола берем.

Өлең тоңады. Өзім тоңдым деп жырласа да ақын шабытына ешкім тосқауыл қоя алмас еді. Бірақ, көркемдіктің аты көркемдік. Сөздің сұлу келбетіне, тәкаппар өнердің осыншама мінсіз келетініне таңырқайсың.

Жанның үнемі шерлі де жаралы болып келетінін, оны мейірімді өлеңге айналдырып, сауалға толы жалғанның сұрағын сәл де болса азайтуға тырысқан бұл жырдың иесі жалғыздықтан жасқанбайды. Жанның жалғыз екенін барша жұрт біледі. Бірақ, Алла көбімізге оны түйсіктен де терең сезінетін нәзік болмысты бере бермейді. Және өзіміздің де ол шіркінге бойлағымыз келмей тұратыны бар.

Жалғыздыққа қайта оралса ой-сана,

Жаңбырлы күн,

Сен осыны той сана!

Ең бақытты бейшара... немесе

Қайшылаудан шаршамайды қайшылық,

Жалықпаймын мен де өзімді зерттеуден, - дейді.

Жоқтың жоқ екенін көп жоқтайтын ақын. Кімді жоқтаған? Мен бұл ақынның не дегісі келгенін кейде кәдімгідей түсінбей аңырамын. Кейбір өлең жолдарын түсінуге білімім де, деңгейім де жетпейді екен. Бірақ, сонда да жыр жолдарын тастап кете алмай, қайта айналып соға беремін. Кітабын бір емес, бірнеше рет оқыдым. Әр оқыған сайын енді қауышқандай боламын. Бұрын оқып алғандықтан не туралы жазғаны есімде еді дейтіндей емес. Есіңде сияқты, бірақ осы бір әлемге келген сайын дағдарамын. Бұл не деген тылсым? Табиғатпен бірге жаурап, бірге жылынған ақынның кеудесіндегі сезім өлеңге былай айналған:

Жып-жылы бір жел есті маужыратып,

Салқындықты қуалап,

қалжыратып.

Жылы ағаштар жып-жылы көзін ашты,

сыз илеген кеудені саңғыратып.

Оның жырлары «Мен тойдым» деп ешуақытта айтқызбайтын және сол «тойдымды» өзімнің де айтқым келмейтін ақын бар. Ол - Гүлнәр Салықбай!

Күмәнді қала,

Тұманды қала

Белгісіздіктің буынан.

Жанымда жүрген жыланды қара!

Сұрасам ба екен уынан... немесе

Арманшыл боп жетілдік, армандап ап өкіндік,

Армансыздау Алланың жүрегінің дірілі ек...- дейді.

Ақын жырындағы күнделікті күйбең тірлігіміз былай суреттеледі:

Мазатып та мұздатып бұл жүректі,

Дүрмекпенен тағы да бір күн өтті.

Біреу күлкі сыйлады...

Ал біреуі

өзі жұқа жүйкені күлдіретті.

Біреулер финалға жетсек не болар екен дейді. Сол финалға жетіп қойғандар ол жерде жанның қандай құбылысқа түсетінін ойлап қойған болса ше?

Жалғанның бір аты - Жоқ. Жоқтың бір аты осы жарықпен көмкерілген қазіргі дүние. Түннің түсі қараңғы болса, жарықтың түсі ақ па? Жоқ әлде сол күндізгінің түссіз болатындығын, оның бояусыз көзіңе қалай сағым болып көрінсе, өміріңде осы сағымдай өте шығады дегісі келген Жаратушының жаратқан ауасын жұтып жүріп, ештеңені аңғармай өтіп кететіндігіміз бе?

Сағына алмайтын екі Дүние бір-бірін -

Жаралы Жердің асты мен үсті ағайын.

Кеудеме мәңгі қоныс аударған тұрғыным,

Мұз болып тұрып, бабыңды қалай табайын?!

Асықты,

Жетті.

Кетті...

Осылай.

ххх

Сой мені, сояу тырнағы азаптың!

Мазамды ал, мағынасын көмген мазақ күн...

Өлтір мені, өріктің сүйегін шаққандай,

Сонда ғана азатпын.

Табала мені, тозақта танысқан танысым,

Батпаққа батыр, байқамай істеген бар ісім.

Тас бөген сал таусылғанша талабың,

Сонда ғана аялдар ағысым.

Күл маған күл шашып, құдайдай сенгенім,

Тас атқын танымай, жылаған жөргегім...

Тамшы су тамызба құрғаған таңдайға,

Сонда ғана солғанымды көр менің.

Талайларға ренжиміз, талайларға көңіліміз қалады. Өзіміз ғана періштедей. Біреулерге қапалы, наласы бар жанның дәл сол адамның күйрегенін, сағы сынып, қиналып, жасаған қиянатына өкінгенін көргісі келеді. Сөйтсе ғана, өзінің шырқырап тұрған жаны жай табатынын сана түкпірінде мойындап тұрады. Бірақ бұл ақын, Азаптың азабынан қиналып араша сұрамайды. Тәңірдің берген сірі жанын «өлтірсең өлтір, азат болайын» дейді. Қандай азапты сезім болмасын қасқайып қарсы тұрған өжет ақынның бұл көндігуі, жалғанның кермегіне әбден тойынып шыныққан альпинисі сияқты.

«Күйресем күйрейін, қирасам қирайын, қаншалықты жан шыдар екен?» дегендей. Бәлкім бұл өлең жолдарын жаңсақ түсінуім де мүмкін. Бұл жерде өлердей нәзік жанның шырқыраған үнін керемет сомдаған ақынның шеберлігі таңырқатады. Бұл не сонда? Жанның азапқа қаншалықты төзе алатынын өз тозағына салып тұрып аямай тексерген камикадзе ақынның АДАМ жанының мықты екендігін дәлелдеу ме?

Жалғызым деп ем,

жанымды сеніп беріп ем.

Менің көркем әлемімнің көрі ме ең?

Әлде әлі кездеспеген өрі ме ең?

Әлім бітті.

Кел, өлім -

Ең әдемі өлеңім!..

Артығым деп ем,

Кем болдың.

Қиратып біттің,

Сең болдың.

Сонда дағы ем болдың!

Енді кет.

Сен кел, өлім!

Осы болсын төлемім...

Жан аяу мен жанның тәттілігін сынға салардай ақынның басына қандай күн туды? Ол арасы маған беймәлім. Бәлкім ешқандай да күн тумаған болар. Бірақ бұл ақын Жаратушы берген жанның бүлкілін, оның тамырындағы нәзік иірімдердің қаншалықты бұлқынып соға алатынын болмыс-сынынан, өз экспериментінен өткізіп шығарады. Және ол жай өтпейді, сол жолдардан Жаратушының ұлылығын ұлықтайтын жыр жолдары төгілген. Бұл ақын жүректен де ары түкпірдегі жан-тамырдан шығып жатқан хас өлеңді жазған. Сол үшін де мені қызықтырған болса керек.

Жан жалғыздықты сүйеді. Сөйте тұра, оның түпсіз тереңіне көп адамдар дауалай бермейді. Өздерін сол жалғыздық деген апанға жолатпай айналып өтіп, тәтті елестермен алданып өмір сүреді. Шындықты мойындамай әрі өмір сүрудің басты шарты бақытты болу болса, бұл ақын керісінше сол жалғыздықтың, Жоқ деген ұғымның, қардың, суықтың, мұздың өзінен жылулық пен сұлулық іздеп, өз жанының сыңарын жоқтайтындай.

Кез келген ақын көтере бермейтін ең қатқыл, жылусыз, нәрсіз, адам баласының түкпіргі санасына үрей ұялататын ақиқаты қарып тұрған ауыр тақырыптарға жыр жолдарымен Жарық сәуле себе алады. Өлеңнен мәңгілік пен қазіргінің осы кезін жырлаған, уақытты кідіртпесе де ойлы жанды селт еткізетін шуақты да мейірімді жырына қанасың, ақынның асқақтаған ақиқаты биік аңсарын көресің. Жоқтың өзінен мән іздеу, болашақ бір төмпешіктің иесі екеніңді есіңе салып, жалғаннан жұлдыздай ағып өтудің өзі бір кәрім-дүния, бәлкім ол да бақыт дегісі келгенін аңғарасың.

Таңды ұмытып, тарылып,

Кешті ұрлатып,

Күннің ашық бояуын қошқылдатып,

Еркелеймін ессіздеу ғұмырыма,

Еш жақсылық дәметпей, ешбір бақыт, - дейді.

Ақын Гүлнәрдің өлең жолдарын оқыған сайын жалғыздықты сезінесің. Жанның дара болып келетінін, әу бастағы Иеміз бен ақиқатты танудағы оның көркем жырларынан суп-суық сұлулықтың тұнып тұрған тыныштығын әрі соған мүлдем керағар алапат бір тасқынды дүниеге тап боласың. Оның өлеңдерін ашып оқыған сайын, ақынның ойлау дәрежесін, оның өз заманынан әлдеқайда озып кеткенін, кемерінен тасып төгілген әрбір жақұтты жырларын тәпсірлеуге шағын ғана лебіздің жеткіліксіздігін ұғынасың. Жабырқағанда жанды жұбата алатын жыр іздедім, таптым. Ол осы ақын Гүлнәр Салықбайдың өлеңдері. Қай өлең жолдарын оқысам да енді оқығандай боламын, өзімді, жанымды жеген сауалдарымнан арыламын. Бұл ақынның құдіреті, мықтылығы емей немене? Жан сусамас үшін мәңгілік қайнар көздей жырлар жазған ақынның таланты еріксіз тәнті етеді. Сауалы мен көп нүктелі өмірге өлеңмен ноқта салған ақын талантының тереңдігі мен биіктігі ғажап. Сырлы әлемнің ең тәкаппар жүйрігін ерттеп мінген талғампаз жолаушыдай.

Ашуыңды тарап, жазып тарақпен,

Айналаңа аңтарыла қарап па ең?!

Ал қарадың...

Сонда... сонда не көрдің?

Қол бұлғай ма келер күн?

Көмескінің көріне ме бәрі анық?

Басқа-а-а болып барамысың жаралып?

Өткеніңнің өртеп тастап көп күнін,

Бүгініңнің көтердің бе шоқтығын?

Айтарға сөзім жоқ. Мен, сен, біз ғана емес, домалақ жер бетіндегі күллі адамзаттың халін, өтіп жатқан әрбір күні мен түнін осылайша өлеңмен өрген яғни сөз құдіретін танытқан ақынға басымды идім. Басқалай амалым да жоқ.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір