Жұма, 26 Сәуір 2024
2580 2 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 14:54

Жағдайы ауыр: Арон Атабек комаға түсті

Арон Атабек комаға түсті. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

"Коронавирустың салдарынан болған өкпе қабынуы ақынға ауыр тиді. Бұрынғы отбасындағы мәселелер де оған жығылған үстіне жұдырық болғанға ұқсайды. Аронның жағдайы бұрынғыдан да нашарлап, бүгін комаға түсті...", – дейді ақынның таныстары.

Естеріңізге салайық, 2006 жылы атышулы "Шаңырақ оқиғасынан" кейін ақын Арон Атабек "жаппай бүлік ұйымдастырды, адам өліміне себепкер болды" деген айыппен 18 жылға сотталған болатын. Жуырда ол денсаулығына байланысты түрмеден босап шықты.

Abai.kz

 

2 пікір