Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
1518 0 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 14:45

Алматыда Pfizerді қайдан алуға болады?

Алматы қаласы бойынша Pfizer вакцинасын қайда алуға болатыны айтылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев хабарлады. 

Бүгінде Алматыда 137 вакцинациялау пункті орналастырылған.

"Үкімет бірінші кезеңде вакцинацияланатын үш басым топты анықтады. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін Pfizer препаратын әкелу жоспарлануда. Мектепке барып, вакцина салуды да ұйымдастыруға болады. Қазіргі уақытта Алматыда осы жастағы 174 600 бала вакцинациялауға жатады. Шамамен 67000 бала емізетін әйелдер, 20 500 жүкті әйелдер бар. Бізде бұл тізімдер бар. Вакцинация ерікті түрде және ата-аналардың келісімімен жүргізіледі", - деді ДСБ басшысы баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау басқармасы вакцинаны сақтауға қатысты нақты нұсқаулар бар екенін айтты. Pfizer вакцинасы 60-90 градус аралығында сақталуы керек. Бұл әзірлеушілердің басты талабы.

Abai.kz

0 пікір