Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
1896 0 пікір 19 Қазан, 2021 сағат 13:11

Чехия президенті қызметінен кетуі мүмкін

Чехия президенті Милош Земан қазіргі уақытта денсаулығына байланысты міндетін атқара алмай отыр, оның жұмыс кабинетіне оралуы неғайбыл.

Мұндай ақпарат Орталық әскери госпитальдан тарап жатыр. Онда президент жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл хабарды дүйсенбі күні Чехия парламенті жоғарғы палатасының (Сенат) төрағасы Милош Выстрчил да айтты. Ол президент міндетін басқа басшыларға беруден басқа амал жоқ деді.

Сенат төрағасы Чехия конституциясына сәйкес, президент өкілеттігін уақытша басқа адамға өткізу мәселесі қаралатынын мәлімдеді.

Алайда президент Земанның жақтастары, ол ауруына қарамастан қызметін атқара алады деп, оның саяси қарсыластарын сынап жатыр.

Милош Земанның өзі бір айдан астам уақыт көпшілік алдына шықпады. Мәліметке қарағанда, ол парламент сайлауынан кейін-ақ ауруханаға түскен. Сайлауда оның одақтасы, премьер-министр Андрей Бабиш жеңілген болатын. Ал жаңа премьер-министрді президент тағайындауы керек.

Президент өкілеттігін өзге адамға беру үшін парламент дауыс беруі тиіс.

Земанның диагнозы дәл айтылмай жатыр. Заңға сәйкес, оны науқастың өзі жариялауы тиіс. Бірақ бірқатар басылымдар дереккөзіне сілтеме жасап, 77 жастағы президенттің бауыр энцефалопатиясымен ауыратынын хабарлап жатыр. Бұл кесел бірден ми қызметін істен шығаратын көрінеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1619
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1521
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1268
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1235