Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3128 0 пікір 28 Маусым, 2012 сағат 09:22

Ашық хат: Мұстафа Шоқайды көк иттерге талатып қоя алмаймыз!

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы

Б.Ә. Бекназаровқа

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

А.К.Дауылбаевқа

 

А Ш Ы Қ  Х А Т

Түркістан (Қоқан) автономиялық республикасының төрағасы және Орта Азияда азаттық орнатуда ерен еңбек еткен ұлы күрескер Мұстафа Шоқайға байланысты Өскемен қаласындағы соттың шешімін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа былыққан судьялардың істеп отырған фарсы деп қабылдауда.

Ешқандай нақты дерек көздеріне сүйенбей Данилевский, Макеев сияқты маргинал жорналшылардың М.Шоқай «фашистердің құйыршығы» деген жаласын қолдап отырған соттың шешімі НКВД-нің бұрынғы қызметкері Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуіндегі» оған жапқан жалаға негізделген.

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы

Б.Ә. Бекназаровқа

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

А.К.Дауылбаевқа

 

А Ш Ы Қ  Х А Т

Түркістан (Қоқан) автономиялық республикасының төрағасы және Орта Азияда азаттық орнатуда ерен еңбек еткен ұлы күрескер Мұстафа Шоқайға байланысты Өскемен қаласындағы соттың шешімін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа былыққан судьялардың істеп отырған фарсы деп қабылдауда.

Ешқандай нақты дерек көздеріне сүйенбей Данилевский, Макеев сияқты маргинал жорналшылардың М.Шоқай «фашистердің құйыршығы» деген жаласын қолдап отырған соттың шешімі НКВД-нің бұрынғы қызметкері Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуіндегі» оған жапқан жалаға негізделген.

Ал, Шоқай соғыс алдында «Прометей» жорналында «большевизм мен нацизмнің арасынан таңдау жасаған - ол оба мен холерны таңдағандай...» десе, оны фашистер тұтқындап концлагерледі аралағаннан кейін көргендерін хаттарында, «Сталин мен Гитлердің екеуі де қанішер», «... аш, жалаңаш, аурудан өліп жатқан қандастарымды көргенше өлгенім артық» ... 22.12.1941жылғы өлерден бес күн бұрын жазған соңғы хатында, «Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты данышпандарды тәрбиелеген халықтың тұтқындағыларды осындай қорлауын көре тұрып мен «Түркістан легионнын басқар» деген ұсыныстан бас тартып әрмен қарай байланысты үземін. Бұл шешімнің жауапкершілігін сезінемін» деді. Түркістан легионы 1942 жылы сәуірде құрылды.

М.Шоқайдың кеңес армиясымен соғысу туралы бір ауыз да сөз айтпағанын 1948 жылы ҚСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Берлиндегі бөлімшесіне «Мұстафа Шоқайға қатысты компрматериал іздеу туралы» берілген тапсырмаға келген жауапта, М.Шоқайды қаралауға  негіз болатын «компрматериал» таба алмағаны туралы Ресей Мемлекеттік Әскери мұрағатында сақталған материалдан көреміз (К.Есмағамбетов, Әлем таныған тұлға монографиясы).

Украин Халық Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі А.Шульгиннің, «Егер Түркістан тәуелсіздік алып, М.Шоқай тірі болса, ол Джавахарлал Неру, Ататүрік сияқты қайраткер болар еді» дегені, француздардың оны «азаттық үшін күрескенін» бағалап Парижде ескерткіш қоюы, Ресей мемлекетінің оған «Петербор тұлғасы» деген құрметті атақты беруі, Қазақстанда оған бірнеше облыс орталықтарында көше, мектеп т.б. аттарының берілуі оның азаттық үшін күрескен ұлы қайраткер екенінің айғағы бола алады.

Фашистердің концлагерлеріндегі тұтқындарды құтқару болсын, өзі өмір бойы күрескен большевиктердің Бакудегі 26 комиссары атылғанда ол серігі В.А.Чайкинмен осы қайғылы оқиғаның себептерін анықтауға 1919 жылы 22 ақпанда Ашхабадқа барғанда сол жерде тұтқынға түскен комиссарлардың отбастарын тұтқынан босатқанда болсын, М.Шоқай қандай қиын кезде де елін сүйіп, оның азаттығы үшін күрескен қайраткер, ұлы гуманист екенін көреміз.

Біз, М.Шоқайға жағылған нақақ жалаға сот органдары дұрыс бағасын береді деп сенеміз. Ол, алдымен елдің азаттығы жолында өмірлерін қиған ұлы тұлғалардың аруағы мен тәуелсіздіктің баянды болуы үшін қажет. М.Шоқайдай асыл, әлем мойындағын түркі халықтарының мақтанышы, ұлы ұстазымызды көлденең көк иттерге талатып қоя алмаймыз!

 

Қол қойғандар:

Жанұзақ ӘКІМ - биология ғылымының кандидаты, Қазақ жаратылыстану

ғылымдары Ұлттық Академиясының корр.-мүшесі,

Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының

академигі;

Әбдіуақап ҚАРА - Түркиядағы Мимар Синан атындағы университеттің

профессоры, жазушы;

Батырбек ШАЙЫРБАЕВ -ғылым кандидаты, генерал (Қырғызстан);

Ислам АТАКИШИЕВ - халықаралық «Каспий - IZ» жорналының Бас

редакторы (Азербайжан);

Қайролла ҒАБЖАЛИЛОВ - тарих ғылымының кандидаты, Гуманитарлық,

ғылымдар Академиясының корр.-мүшесі, «АЛАШ» тарихи-зерттеу Орталығының президенті;

Өмірәлі ҚОПАБАЕВ - заң ғылымдарының докторы, профессор,

Д.Қонаев атындағы университеттің ректоры;

Еренғайып ОМАРОВ - физико-математика ғылымдарының кандидаты,

профессор, Қазақ жаратылыстану ғылымдары Ұлттық

Академиясының академигі, «Қайнар» университетінің ректоры;

Қалқаман ЖҰМАҒҰЛОВ - тарих ғылымының докторы, профессор,

Әл-Фараби атындағы ҚМУ-дің әлемдік тарих кафедрасының меңгерушісі;

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ -тарих ғылымының кандидаты, жазушы;

Мереке ҚҰЛКЕНОВ - жазушы, «Өлке» баспасының президенті;

Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ- «Жас алаш» газетінің бас редакторы;

Ермұрат БАПИ - «Дат» газетінің Бас оқырманы;

Қазбек ИСА - ақын, Мәдениет қайраткері, «Жас қазақ үні» газетінің Бас

редакторы;

Жарлықап ҚАЛЫБАЙ - «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам»

жорналдарының бас редакторы;

Айдос САРЫМ - саясаттанушы, «Abai KZ» сайтының директоры;

Құдияр БІЛӘЛ - жазушы, Мәдениет қайраткері, «жалын» жорналы Бас

редакторының орынбасары;

Ғабиден ЖӘКИЕВ - «Ұлы дала» республикалық қозғалысының төрағасы;

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - ақын, «Жүздесу» газетінің Бас редакторы;

Ардақ БЕРКІМБАЙ - тарихшы, жорналшы;

0 пікір