Жұма, 26 Сәуір 2024
Деп жатыр 8936 10 пікір 11 Қазан, 2021 сағат 15:42

Қазақстандағы №2 адам кім?

Yedilov Online телеграм арнасы жақында «Қазақстандағы №2 адам кім?» деген сауалнама жүргізіпті. 2021 жылдың үшінші тоқсанын қамтыған сауалнамаға қазақстандағы 10 ықпалды адам таңдалып алынған.

Барлығы 12 708 адам қатысып, оның ең көп бөлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовті «Қазақстандағы №2 адам» деп таңдаған. Оған респонденттердің 31% дауыс берген. Екінші қатарда 22% дауыспен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев тұрса, үшінші орынға 10% дауыспен ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин жайғасыпты.

Бірінші президенттің көмекшісі Абай Бисембаев 8% дауыспен кезекті жалғастырды. Ондыққа кірген «Alatau Capital Invest»-тің серіктес басшысы Қайрат Сатыбалдыұлы 7% , ҚР Премьер министрі Асқар Мамин мен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов 6% , ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 4% , «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев 3% дауыс жинаған.

Abai.kz

10 пікір