Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2762 1 пікір 6 Қазан, 2021 сағат 15:16

АҚШ Тәжікстанға әскери көмек көрсетті

Америка Құрама Штаттары шекараны нығайтуға көмектесу аясында Тәжікстан Қорғаныс министрлігіне 20 жол талғамайтын көлік сыйлады. АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі құны 1,3 миллион доллар тұратын джиптер Қорғаныс министрлігінің арнайы күштеріне шекараның кіруге қиын аймақтарында операция жүргізуге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

5-қазанда АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм мен Тәжікстан Қорғаныс министрінің жабдықтар мен қолдау жөніндегі орынбасары, генерал-майор Хусрав Бобозода жеңіл көп мақсатты көліктерді тапсыру рәсіміне қатысты.

"Бұл өтеусіз көмек шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәжікстанға көрсеткен қолдауымыздың бір мысалы. Біз Тәжікстанға шекара қауіпсіздігі саласындағы тығыз ынтымақтастық үшін ризамыз және бірлескен жетістіктерімізбен мақтанамыз. Біз терроризммен, есірткі бизнесімен және ядролық қарудың таралуына қарсы күресте серіктес болып қала береміз. Біз бірге жұмыс істегенде мықты боламыз", - деді АҚШ елшісі.

1992 жылдан бері Америка Құрама Штаттары Тәжікстанға 330 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек көрсеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар