Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2330 0 пікір 23 Мамыр, 2012 сағат 09:08

Өскеменде қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады

Алдағы уақытта облыс орталығында өнеркәсіптік, тұрмыстық және биологиялық қалдықтарды өңдеп, пайдаға жарататын зауыт салынбақ. Германдық инновациялық технологиялармен жарақтандырылатын мұндай зауыт құрылысы елімізде алғаш рет біздің өңірде қолға алынбақшы.

Қазіргі күні қаланың Согра аймағында зауыттың өндірістік базасы да қарастырылып қойыпты. Бизнес-жоспары да жасалып, мақұлданған. Оның авторы - «Барс» компаниясы» ЖШС-нің бас директоры Евгений Барболин.

Жалпы, соңғы кездері еліміздегі қалдықтар мәселесі билікті де, экологтарды да, қоғамды да қатты алаңдатып отыр. Экономика мен тұтынудың үздіксіз өсуі қалдықтардың мол шоғырлануына әкеліп соғуда. Қоқыс шығарумен айналысатын бірде-бір компания әйнек сынықтары мен пластиктерді мол көлемде қабылдауға әзір емес. Адамдар қоқыстарды қанша өртеп, жерге көмгенмен бұл мәселенің оңайлықпен шешілер түрі жоқ.

Өскеменде мұндай зауытты ашудың қажеттілігін жергілікті билік өкілдері мен экологтар көптен бері ойластырып жүрген болатын. Тіпті, қандай да бір талпыныстар да жасалған-ды. Енді, міне, осынау идеяның іске асуы Қазақстан мен Германия арасындағы бірлескен инжинирингтік орталық ашу туралы келісімнің нәтижесінде мүмкін болып отыр. Осынау бірлескен жобаның аясында экология мәселелерін шешу де қарастырылған. «Барс» компаниясы» ЖШС директоры Евгений Барболин немістермен бірлескен жобаның нәтижесінде қоқыс өңдеу индустриясының енді өңірімізде аяқтан нық тұратынына сенім білдіріп отыр.

- Неміс технологиясы бір өндіріс шеңберінде әйнекті де, пластиктер мен автошиналарды да өңдеуге мүмкіндік береді, - дейді ол. - Мұны болашақ зауыттың ноу хоуы десек те болады. Мұндай зауыт әзірге Қазақстанда жоқ. Пилотты жоба алғаш рет біздің өңірімізде қолға алынбақ.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1441
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1282
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1041
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1094