Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3351 0 пікір 26 Маусым, 2012 сағат 08:57

Жұмамұрат Шәмші. Павлодар - «не Кереку» ме?

Жақында славаян орталығының мүшелері «Павлодар - не Кереку» («Павлодар - Кереку емес») атты жат пиғылды жинақ шығарып, қазақ халқының мемлекеттінің тәуелсіздігіне ашықтан ашық қарсылық  танытты. «Павлодар не Керекудің» авторлары жинақты алғашында Павлодар қаласында тұратын орыс диаспорасының бір шоғырына жасырын таратып, жергілікті биліктің тамырын басып көрген.

Жақында славаян орталығының мүшелері «Павлодар - не Кереку» («Павлодар - Кереку емес») атты жат пиғылды жинақ шығарып, қазақ халқының мемлекеттінің тәуелсіздігіне ашықтан ашық қарсылық  танытты. «Павлодар не Керекудің» авторлары жинақты алғашында Павлодар қаласында тұратын орыс диаспорасының бір шоғырына жасырын таратып, жергілікті биліктің тамырын басып көрген.

«Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтығын» түсінген павлодарлық славян орталығының серкелері саналы түрде арандатушылық қимылға көшіп, ешқандай ескерту болмаған соң, «Городская неделя» газеті арқылы еш шімірікпестен «Вышел из печати сборник «Павлодар - не Кереку», изданный славянским культурным центром тиражом 200 экземпляров (и поэтому скорес всего с самого своего появления представляющий библиографическую редкость)», деп сүйінші сұрапты. Ол ол ма? Бұл араңдатушы жинақ туралы павлодар қалалық «Городская неделя» апталығының шолушысы Юрий Ковхаев «Керекуйцы против павлодарцев» атты екі бет мақала жариялап, өздерінің жергілікті тұрғындар деп қазақтарды емес, орыстарды санайтынын айтады. «Этот сборник, уникальное издание, состоящее из опубликованных в разное время в казахскоязычной и русскоязычной прессе статей, посвященных обсуждению искуccтвенно созданной проблемы переименования Павлодара. Казахскоязычные газеты - за, русскоязычные - против. Не нужно быть искушенным политиком, чтобы увидеть опасность такого рода противостояния. Но навязано оно отнюдь не теми изданиями, которые выходят на русском языке. Об остроте полемики гора, а она как я знаю, очень щепетильно относится к проблеме переименования Павлодара на Кереку наш новый аким Ерлан Арын» --деп жайып салды.

Мұның барлығы, әрине, отарлау саясатынан кейінгі қызыл империяның жемісі. Яғни, саналарына тоң болып қатып қалған атаудан айырылғысы келмейді. Осылайша санамыз қашанға дейін мәңгүрттене бермек? Өскелең ұрпақты өз елінің қожасы еткіміз келсе, қаланың атын тездетіп өзгертуді қолға алған жөн шығар. Шындығында, Павлодар деген атауы бар қалада жүргеніңде өзіңді әлі де патшалық Ресейдің боданы секілді сезінетінің ақиқат.    Бұл -  кез келген ұлтым деген азаматтың ішкі запыраны, оның қашанға дейін созылары бір Аллаға аян.

«Қала атауы өзгерсе, қаншама қаржы желге ұшады, оның орнына балабақша ашуға, мектеп салуға жұмсайық» деп орыстілділер момын қазақтарды алдарқатып уақыт оздырып келеді. «1720 жылы тұз өндіретін форпосты пайда болғанда қазақтар бұл өңірге 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде «Сыр бойынан ауып келді» деген сандыраққа сенетіндер де жоқ емес. Ал сандырақтың астарында «сайрап» жатқан шындық «Кереку» атауының өзі Коряковтан бастау  алады дегенді меңзеу болса керек. Алайда қазіргі ғылым білім дамыған заман отандық және шетелдік ғылыми археологиялық қазбаларға сүйене отырып, Павлодар жеріне Коряковтың табаны тимегенін, қаланың аты көпестің атымен байланысы жоқ екенін дәлелдеп берді.

Тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтың еңбегі елеулі екендігін көкірек көзі ашық зиялы азаматтар өте жақсы біледі. Артықбаев мырза «Кереку» деген сөз Коряков деген көпестің атына байланысты қойылған деген қатып қалған қағиданы ғылыми тұрғыдан жоққа шығарды.

Сол секілді XI-ғасырдағы Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігінде «Кереку» деген сөздің кездесетіндігі де белгілі. Бұл сөздіктің 1072-74 жылдары жарық көргендігін ескеретін болсақ, қаланың тарихына байланысты сөз тарихы қайдан тамыр алатындығын аңғару қиын емес.  Көне түрік тілінің оғыз диалегінде «керекулен» сөзінің мағынасы «шаңырақ тік», «шатыр құр», «кереге жай» деген мағына береді. Сонымен қатар, бөгет, тосқауыл, қорған, қоршау, қамал, бекініс, т.б. ұқсас ұғымды білдіреді. Арғы дәуірдегі Орхон, Енесей, Күлтегін сөйлеу өнерінің мәдени сілімдері болып табылады. Керекуге баламаны алыстан іздемей-ақ,  қазіргі қолданыстағы өсу, өркендеу сияқты сөздерге зер салсақ та жеткілікті. Бұдан шығатын жалғыз қорытынды - Кереку ерте түріктердің сөзі екендігі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір