Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3576 0 пікір 30 Қыркүйек, 2021 сағат 15:17

Өзбекстан 23 жыл іздеуде болған лаңкесті ұстады

Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері 1999 жылдың 16 ақпаны мен 30 наурызында Ташкентте болған терактілерге қатысы бар, 23 жыл іздеуде болған адамды ұстады. Бұл туралы Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өзбекстанның қауіпсіздік қызметкерлерінің хабарлауынша, Ташкент облысының тумасы, 1969 жылы туған, Түркістан ислам қозғалысының мүшесі Ю.Ж. Өзбекстан Республикасында ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі арнайы қызмет Өзбекстанға әкелген ер адамның қай елде ұсталғанын нақтылаған жоқ.

Белгілі болғандай, ұсталған адам 1998 жылдың басында Шешенстанға кетіп, иорданиялық Амир Хаттаб құрған содырлар лагерінде арнайы дайындықтан өтіп, кейін Ауғанстандағы халықаралық террористік ұйым - Түркістан ислам қозғалысына қосылған.

1999 жылдың қаңтарында ұйым басшыларының нұсқауымен ол Ташкентке айналма жолмен келіп, ауқатты адамдардың үйлерін тонап, ақшасы мен құнды заттарын ұрлап, Ауғанстандағы Түркістан ислам қозғалысының басшыларына жіберген.

Барлау қызметі, ұсталған адамның 1998-2006 жылдар аралығында шет мемлекеттерде халықаралық террористік ұйымдармен соғыс қимылдарына қатысқанын және оған қатысты қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1215
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1111
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 846
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 992