Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2475 0 пікір 21 Маусым, 2012 сағат 12:03

Шекарадағы шикіліктерді бір заңмен ширата аламыз ба?

Бірі басылмай жатып, екіншісі бұрқ еткен шекарадағы шу бұл салаға мемлекеттік деңгейдегі салмақты қадамның қажеттігін аңғартса керек. Әрине, ұлттың айбары болар ұландардың ел қорғау орнына, бас қорғалап қашуына қатысты құзырлы органдар өз қорытындысын жасай жатар. Ал шекарадағы шетін мәселенің ендігіде қайталанбасы үшін не қажет? Кеше Мәжілістегі жалпы отырыстан соң Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистерге шекара қызметіне қатысты жаңа заң жобасының қажеттігі туралы мәлімдеген болатын.

Қоғам бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарып, оның себеп-салдарын ал­қа-қотан отырып талқылауды әуелден-ақ осы шақыры­лымның Мәжілісі өзінің міндетіне санамаған бо­латын. Бар күшін нендей келеңсіз жайттардың ал­дын алатын сапалы заң шығаруға сарқымаққа бе­кінген болатын бұл жолғы депутаттар. Сондықтан да, мемлекеттік шекараны қараусыз тастап кеткен кешегі сарбаздардың қылығы туралы Мәжілістің мәртебелі мінберінен емес, кулуарынан сөз қозғауға тура келді. Дегенмен, бізге айып болмас үшін әуелгі сөзді заң шығармашылығына арнап, мәжілісмендер мақұлдаған маңызды құжатына бірқанша дес бе­релік.

Бірі басылмай жатып, екіншісі бұрқ еткен шекарадағы шу бұл салаға мемлекеттік деңгейдегі салмақты қадамның қажеттігін аңғартса керек. Әрине, ұлттың айбары болар ұландардың ел қорғау орнына, бас қорғалап қашуына қатысты құзырлы органдар өз қорытындысын жасай жатар. Ал шекарадағы шетін мәселенің ендігіде қайталанбасы үшін не қажет? Кеше Мәжілістегі жалпы отырыстан соң Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистерге шекара қызметіне қатысты жаңа заң жобасының қажеттігі туралы мәлімдеген болатын.

Қоғам бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарып, оның себеп-салдарын ал­қа-қотан отырып талқылауды әуелден-ақ осы шақыры­лымның Мәжілісі өзінің міндетіне санамаған бо­латын. Бар күшін нендей келеңсіз жайттардың ал­дын алатын сапалы заң шығаруға сарқымаққа бе­кінген болатын бұл жолғы депутаттар. Сондықтан да, мемлекеттік шекараны қараусыз тастап кеткен кешегі сарбаздардың қылығы туралы Мәжілістің мәртебелі мінберінен емес, кулуарынан сөз қозғауға тура келді. Дегенмен, бізге айып болмас үшін әуелгі сөзді заң шығармашылығына арнап, мәжілісмендер мақұлдаған маңызды құжатына бірқанша дес бе­релік.

Сөйтіп, кешегі жалпы отырыста төменгі пала­таның депутаттары «Жекебасты куәландыратын құ­жат­тар туралы» заң жобасын бірінші оқылымда ма­құлдады. Құжаттың мақсаты жекебасты растайтын құ­жаттарды дайындау, алып қою, ауыстыру, жою талаптарын бекіту болып табылады. Маңыздылығы - бұрын азаматтың жекебасын растайтын құжат­тарды әзірлеу әртүрлі ведомстволардың еншісінде келсе, соның баршасы бірегейленіп, бір ізге түседі. Со­сын әлгіндей құжаттар еліміздің әртүрлі норма­тивтік актілерінде қамтылып, олар шашыраңқы бо­лып келсе, ендігі күні бұл бір ғана ұлттық заңнамамен рет­телетін болады. «Құжатты әзірлеу барысында азаматтардың құқығы, теңдігі мен бостандығын ес­кердік. Қазақстанда тұратын және уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтардың құ­қықтары да назардан тыс қалған жоқ», - деген ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов кез келген азаматтың жекебасын растайтын 11 түрлі құжатты санамалап шықты.

Олардың қатарында: Қазақстан Респуб­ликасы азаматының паспорты, азаматтың жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Респуб­ликасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам­ның куәлігі, дипломаттық паспорт, қызметтік паспорт, босқын куәлігі, теңіз­шінің паспорты, шетелдік пас­порт, қай­тып оралуға арналған куә­лік, туу туралы куәлік, жеке басты куәландыратын құжаттар. Заң жо­ба­сында аталған құжаттардың қолдану уақыты, рәсімдеу, тәркілеу, оның жа­­рам­­сыздығы, жою, алып қою тәр­тіптері де нақ­тыланған. Ең басты жа­ңалықтың бірі - ендігәрі жеке басты куаландыратын құжаттарды кепіл­дікке қоюға немесе алуға заң ар­қылы тыйым салынатын болады. «Бұдан былай жеке басты растайтын куәліктерді кепілге беруге үзілді-кесілді тыйым салынады. Расында, көптеген жерде кепілге басқа емес, тұп-тура жеке бастың құжаты талап етілетіні жасырын емес. Ал сол кепілге берілген құжаттарды алаяқ­тар­дың пайдаланып кетіп жатқан жағдай­лары да кездеседі. Әлбетте бұған шектеу болуы шарт. Сондықтан да жеке басты куәлан­дыратын құ­жат­тарды кепілге беруге тыйым болуы аса қажетті мәселе», - дейді депутат Рамазан Сәрпеков. Сонымен қатар заң жобасы арқылы құжаттар­ды даярлаудың бірыңғай стандарт­тары да қамтылады. Бұл куәлік са­пасына да әсер етпек. Мәселен, қа­зіргі қолданыстағы құжаттардың кем­ші­лігіне келсек, тіпті кей жағдай­да азаматтар жеке куәліктеріндегі өз­дерінің суреттерін де танымай қалып жататын жайттар орын алаты­ны рас. «Ендігі күні бұлай болмайды. Жеке құжаттарды әзірлеуге жаңа техноло­гиялар қолданылып, ондағы ақпараттарды қорғау қарастыры­лады», - дейді Рамазан Құмарбек­ұлы. Сөйтіп, бұған дейін тәптіш­теп тал­қыланған жеке куәліктер әзір­лене­тін зауыттарға барып, мән-жайды көзбен көріп қайтқан депу­тат­тар заң жобасын ма­құлдауға еш қар­сылық білдірген жоқ. Пала­та атал­ған құжатты тұжырымдамалық тұр­ғыдан бірауыздан мақұлдады. Алда екін­ші оқылым бар.

Шекарадағы шетін жағдайлар кешенді талдауды қажет етеді

Ал кулуардағы әңгімеге келетін болсақ, депутат Мәулен Әшімбаев Арқанкергендегі жайсыз жағдайға, сосын Терісайрықтағы шекарашылар әрекетіне қатысты пікір білдіріп, «мемлекеттік шекара туралы жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр» деп мәлім­деді. «Арқанкергендегі жайсыз жағдайдың ізін ала мемлекеттік шекараның өзге бір бө­лігінде орын алып отырған мұндай оқиға­ның себебіне келсек, жалпы осы сала­дағы негізгі факторларға кешенді талдау, сосын тиісті шаралар қабыл­дау қажет­тігін айқын көрсетеді. Осы­ған байла­нысты жақында мемле­кет­тік шекара туралы жаңа заң Мә­жі­ліске келіп түседі деп күтіп отыр­мыз», - деді депутат Мәулен Сағатхан­ұлы. Оның айтуынша, бұл шекара қызме­тінің тиісті комитеті дайындап жатқан мүлде жаңа заң. Сондықтан да құ­жатты талқы­лау барысында депутат­тарға мемле­кеттік шекарадағы жағ­дайға талдау жасайтын зор мүмкін­діктер де туындауы мүм­кін. Сөз арасында Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта мәжілісмендер қалыптасқан жағдайға талдау жасау үшін мемле­кеттік шекара учаскелерін көзбен көріп қайтпақ екенін де атап өтті. «Біз келесі сессияның басында мем­лекеттік шекараның бір не болмаса бірнеше учаскелеріне баруды жос­парлап отырмыз, онда жеке құрам­мен әңгімелеспекпіз. Сонымен қа­тар шекара қызметі туралы жаңа заң жобасымен жұмыс барынша сал­мақты өтетініне сендір­гім келеді. Ең бастысы, біз кешенді талдаулар мен зерттеулерге сүйене отырып, «Ар­қан­кергендегі» қайғылы жайт­тар­дың бұдан әрі орын алмауын қам­ти­тын нормалар енгіз­бекпіз», - дейді Мәу­лен Сағатхан­ұлы.

Зейнетақы тағайындауға түбегейлі реформа қажет

Қазақстанның зейнетақы жүйе­сіндегі келеңсіздіктер туралы бұған дейін де аз айтылмаған болатын. Дегенмен «Халықтық коммунистер» фракциясы атынан депутат Жамбыл Ахметбеков еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне тағы бір мәрте жүгінуді жөн санапты. Оның айтуын­ша, зейнетақының дұрыс есептелмеуі мен заң олқылығы көптеген азаматтардың конституция­лық құқықтарын бұзып отыр. «Бізге берген жауабыңызда «азаматтардың зейнетақысы заңнамаға сәйкес та­ғайын­дал­ған» деген жауаптан тан­бай­сыз. Ендеше, күнкөріске жетпей­тін зейнетақыны белгі­лей­тін заңды неге өзгертпейміз. Бүгінгі күні зей­нет­ақы­ның ең төменгі мөлшері азамат­тардың күнкөрісін қамтамасыз ете алмай­тын жағдайда. Сондықтан зей­нетақыны белгілеу жүйесін тү­бірі­мен қайта қарауымыз қажет», - дейді «қызыл» депутат. Бұдан бөлек, Жамбыл Әужанұлы бүгінгі ең төмен­гі күнкөріс мөлшері 16 000 теңгені құрай­тынын, бұған азаматтар бір ай да өмір сүре алмайтынын алға тартады. Сосын бұл мөлшерді кем дегенде үш есеге арттыру қажеттігін айтады. «Зейнетақы есептегенде Зим­бабве немесе Сомали секілді елдер­де қолданатын әдістен кететін мезгіл жетті. Біз өркениетті елдердің көп­шілігінде қабыл­дан­ған стандарт­тар­ды енгізіп, ең төменгі күнкөріс көлемін сол стандарттар бойынша айқындайтын әдіс енгізуіміз қажет. Ол кем дегенде халықтың жартысы тұтынатын тауарлар мен қызмет­тердің ең төменгі бюджетін құрауға негізделуі тиіс. Яғни біз ең төменгі күнкөріс деңгейі етіп тек өлместің күнін көру шегі емес, орташа өмір сүру дең­гейін белгілеуіміз қажет», - дейді депу­тат Жамбыл Ахметбек­ов.

Автор: Қанат ҚАЗЫ, Астана

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1855
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548