Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
1876 1 пікір 13 Қыркүйек, 2021 сағат 12:03

Қожағапанов премьердің кеңесшісі болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында туған. Еңбек жолын 1989 жылы бастады. Осы жылдар ішінде ол жеке секторда, мемлекеттік органдарда және кәсіпорындарда жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары - Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2021 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның Мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеді. 13 қыркүйекте ол бұл қызметтен алынды.

Abai.kz

1 пікір