Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2767 1 пікір 10 Қыркүйек, 2021 сағат 09:44

Ұлттық қордың активтері 3,2%-ға қысқарды

Қазақстан Ұлттық қорының активтері 2021 жылдың басынан бері 1,877 миллиард долларға немесе 3,2%-ға қысқарды, деп хабарлады Ұлттық банк.

«Ұлттық қордың активтері 2021 жылдың басынан бері $ 1,877 млрд долларға немесе 3,2%-ға, 58,743 млрд доллардан 56,866 млрд долларға дейін төмендеді», - делінген Ұлттық банктің ресми сайтында.

Есепке сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2021 жылдың тамызында 29 миллион долларға немесе 0,05%-ға азайды. Қазақстанның жалпы валюталық резервтері 2021 жылдың басынан бері 1,2 млрд долларға немесе 3,3%-ға, тамызда 1,8 млрд долларға немесе 5,2%-ға, 36,8 млрд долларға дейін өсті.

Abai.kz

1 пікір